
ҚОБЫЗҒА ТІЛ БІТІРГЕН БОЙЖЕТКЕН
Әлемге әйгiлi әртіс Айман Мусаходжаева осыдан оншақты жыл бұрын Қорқыт ата кесенесіне зиярат етіп келіпті. Ол кезде шырақшы Талғат Жаңабергенов болатын. Қорқыт атаның тарихын таныстырған шырақшыдан Сыр өңірінде өнерге жақын, қобыз тартуға бейінді жастарды сұрайды. Қобызшы табан тіреген өңір болсақ да...



















