» » » «RETRO | BEST MUSIC»: РЕТРО ӘНДЕР ӘУЕЛЕГЕН КЕШ

«RETRO | BEST MUSIC»: РЕТРО ӘНДЕР ӘУЕЛЕГЕН КЕШ


Қызылорда қаласы Өнер орталығында «Сыр самалы» вокалды-аспапты ансамблінің «Retro | Best Music» атты концерті өтті.

Көрерменді өткен ғасырдың 80-90-жылдары мен 2000 жылдардың әуенді әлеміне жетелеген ерекше кеш атақты америкалық әнші Стиви Уандердің поп-фанк стиліндегі әйгілі «Part-Time Lover» әнімен шымылдығын ашты. Одан әрі әсем әуендер қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың сырлы шығармаларымен жалғасын тапты.

Кеш барысында әлемдік және отандық эстрада өнерінің алтын қорына енген талай хит әндер шырқалды. Атап айтқанда, мексикалық композитор Консуэло Веласкестің, отандық композиторлар Жеңіс Сейдуллаұлы мен Қуат Шілдебаевтың, Рамазан Таймановтың, сондай-ақ Мұрат Насыров, Андрей Губин, Майк Чепмен, Леди Гага және т.б. танымал өнер иелерінің шығармалары көрерменге ерекше көңіл күй сыйлады.

Музыкалық кеште Мәдениет саласының үздігі Мақсат Мақұлбеков, ансамбль мүшелері, тәжірибелі музыканттар Кенжебай Елденбаев пен Әбдіхалық Мұстафа, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Гаухар Бисекенова, Бекзат Молдабергенов, Ринат Үсенов, Айдос Шадаев, Айсұлу Әбді және Ернар Тәкен өнер көрсетті.

Сонымен қатар жеке аспаптық орындауларымен Қайрат Өтебаев (гитара), Ғалымжан Ұлықпан (саксофон), Әділет Омар (труба) кештің музыкалық бояуын әрлендірді. Ал «Ai-Aru» заманауи би ансамблінің жарқын би қойылымдары концерттің көркемдік мазмұнын аша түсті.

Әр әнімен өткен күндердің естелігін жаңғыртып, әр әуенімен көрерменді тербеген кеш шынайы сағыныш пен көтеріңкі көңіл күйге толы болды. Әлемдік музыка мен қазақ эстрадасының жауһарлары тоғысқан концертте көрермен әнге қосылып, ерекше әсерге бөленді.

Ретро – жай ғана өткеннің әуені емес, ол – уақыт өткен сайын қадірі арта түсетін музыкалық мұра, жүректе сақталған ыстық естелік!

Кеш режиссері – "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері, Мәдениет саласының үздігі Азиза Іздіқұлова

09 қараша 2026 ж. 17 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 282
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 438

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30