ТАРИХҚА ТАҒЫЛЫМДЫ САЯХАТ
Ә.Егізбаев атындағы №121 мектеп оқушылары музейде болып, тарихи-мәдени мұралармен танысты. Экскурсия барысында олар ауданның қалыптасу тарихы, белгілі тұлғалардың өмірі мен еңбек жолы, археологиялық және этнографиялық жәдігерлер, халқымыздың тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрлері туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар музей қорындағы көне бұйымдар мен тарихи құжаттарды тамашалап, туған өлкенің бай тарихына қызығушылық танытты.














