» » » ҰЛТТЫҚ ӨНЕРІМІЗ – БЕРЛИН САХНАСЫНДА

ҰЛТТЫҚ ӨНЕРІМІЗ – БЕРЛИН САХНАСЫНДА

Германияның астанасы – Берлин қаласында Сыр елінің өнер шеберлері мерекелік концерт қойды. Оған Қазақстанның Германиядағы елшісі Нұрлан Онжанов, елшіліктің, қазақ диаспорасының өкілдері, дипломатиялық корпус мүшелері, сондай-ақ Берлинде тұратын отандастарымыз, жергілікті мәдениет жанашырлары қатысты.
Облыс әкімдігінің қолдауымен өткізілген мәдени шараның мақсаты – қазақ халқының бай рухани мұрасын, ұлттық өнері мен мәдени құндылығын халықаралық деңгейде таныстыру және Алаштың анасы атанған Сыр өңірінің өнерін шетелдіктерге насихаттау.
Сапармен барған шығармашылық ұжым Берлин төрінде ұлттық өнеріміз бен мәдени байлығымызды ұлықтады. Концертте «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі, Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздіктері, жерлесіміз Серік Жақсығұлов, Марат Сүгірбай, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Айдос Шадаев, Гүлназ Нағашыбай, Ринат Үсенов, Аружан Төреғали және Рано Сабанкуловалар өнерін паш етсе, «Томирис» би ансамблі ұлттық хореографияның озық үлгісімен кеш көркін ашты.
Концерт шымылдығы халқымыздың ұлттық белгісіне айналған түркіге ортақ тұлға – қобыз атасы Қорқыттың күйімен түрілді. Кеш бағдарламасында жыраулық өнердің жыр жауһарлары, халық әндері, айтыс үлгілері мен патриоттық әндер орындалды. Сондай-ақ сахнада Сыр шайыры, парсының «Шаһнамасын» қазақша сөйлеткен Тұрмағамбет Ізтілеуовтің термесі де мақам-сазбен күмбірлей есті.
Іс-шарада қонақтарға қазақтың ұлттық тағамы ұсынылып, қонақжайлық дәстүрі, дастарқан мәдениеті таныстырылды. Бұл шетелдіктердің халқымыздың салт-дәстүрі мен салтсанасына деген қызығушылық тудырғаны сөзсіз.
Сыр елі өнерпаздарының сапары – қазақ мәдениетін халықаралық деңгейде насихаттауға, шығармашылық қарым-қатынасты жетілдіруге және еліміздің мәдени әлеуетін шетелдіктерге таныстыруға үлкен мүмкіндік болды. Өнерпаздарымыз берлиндік көрермендердің қошеметіне бөленіп, дәстүрлі өнердің мәртебесін биікке көтерді.
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕКҚЫЗЫ
18 қазан 2026 ж. 39 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 074
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 286

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031