Мәслихаттар сайлауы
» » » ҚАСИЕТТІ ЖЫРДЫҢ ҚАЗЫНАСЫ – ҚУАНДЫҚ ЖЫРАУ

ҚАСИЕТТІ ЖЫРДЫҢ ҚАЗЫНАСЫ – ҚУАНДЫҚ ЖЫРАУ


Аудан әкімінің тапсырмасымен Тұрмағамбет ауылындағы Қуандық Бүрлібаев атындағы клуб үйінде Сыр бойының жыраулық өнерін ұлықтауға арналған «Қасиетті жырдың қазынасы – Қуандық жырау» атты облыстық жыраулар фестивалі ұйымдастырылды.

Рухани шараға аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев қатысып:

-Киелі Қармақшы топырағы – жүз шайырдың ізі қалған қасиетті мекен. Осындай өлкеден түлеп ұшқан жыраулық өнердің көрнекті өкілі - Қуандық Бүрлібаев. Ол бала кезінен жыршылық өнердің қыр-сырын бойына жинап өсті. Өмірін өнерге арнап, Сыр сүлейлерінің мұрасын насихаттауға өлшеусіз үлес қосты.
Бүгінде асыл азаматтың есімі ел жадында жаңғырып, оның мұрасы кейінгі буынға өнеге болып отыр. Біз жиналып отырған Тұрмағамбет ауылындағы мәдениет ошағына асыл азаматтың есімінің берілуі де – ерекше құрметтің көрінісі. Бүгінгі жыр додасына қатысып отырған барша жырауларға шығармашылық шабыт және сәттілік тілеймін! Әрбір туындыларыңыз тыңдарманның жүрегіне жол тапсын,- деді.

Кештің құрметті қонағы, профессор, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері Алмасбек Алматов құттықтау сөз сөйлеп, жыраулық өнердің ұлттық руханияттағы орны мен жыраудың қазақ өнеріне қосқан үлесіне тоқталды.

Фестивальде барлық аймақтан келген жыршы-жыраулар өнер көрсетіп, жырсүйер қауымға тағылымды кеш тарту етті.

Сонымен қатар іс-шара барысында Қуандық жыраудың ұрпағы әке өнегесі мен өнер аманаты туралы естеліктерімен бөлісті.

Кездесу соңында ұлттық өнердің дамуына үлес қосып жүрген қатысушыларға аудан әкімінің атынан «Алғыс хат» табысталды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

14 қараша 2026 ж. 57 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (10554)

14 қараша 2026 ж.

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 340
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 472

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30