» » » Сүлей сөздің саңлағы – Қуандық жырау

Сүлей сөздің саңлағы – Қуандық жырау


Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру", "Ұлы даланың жеті қыры" мақалалары және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қ.Бүрлібаев атындағы ауылдық клуб үйі, ауылдық кітапхана мен "Жиенбай жырау" үйірмесінің ұйымдастыруымен Сыр сүлейлерінің мұрагер ұрпағы, дарабоз жырау Қуандық Бүрлібаевтың туғанына 85 жыл толуына арналған "Сүлей сөздің саңлағы – Қуандық жырау" атты әдеби-сазды кеш өткізілді.
Кеште Дауылкөл ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы М.Жұмаділов құттықтау сөз сөйлесе, ақын Ү.Өңдібаева, жырау Б.Үрістембеков, Е.Бисенбаев, мәдениет саласының ардагері З.Кәрібаева, ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.Зауытовтар естеліктерімен бөлісті.
Кеш Жиенбай жырау үйірмесінің жас жыршыларының концерттік бағдарламасымен ұласып, студенттер Т.Мәлікова, Ә.Мырзағалиев, А.Тұраровтар да кештің жыр қайнарын тасытты. Кеш соңында Қуандық жыраудың ұрпағы, К.Рүстембеков атындағы жыраулар үйінің директоры, жырау Бүрлібаев Амандық Қуандықұлы сөз сөйлеп, іс-шараның мазмұнды да мағыналы өткізілгеніне рахмет айтып, жас жыршыларға арнайы алғыс хаттарды табыстады.


11 ақпан 2021 ж. 1 300 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 918
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 562

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930