» » ЖАМПОЗ ЖЫРАУ- ҚУАНДЫҚ БҮРЛІБАЕВТЫҢ ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

ЖАМПОЗ ЖЫРАУ- ҚУАНДЫҚ БҮРЛІБАЕВТЫҢ ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Ақындық пен жыраулық өнердің туын тіккен, жүз жырауы жыр көшін жалғаған қасиетті Қармақшы жері бүгінде өнердің өміршеңдігін рухани жаңғырта білген қасиетті өлке. 
«ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы №842 қаулысына және Қармақшы ауданының әкімдігінің 2017 жылдың 1 ақпанындағы №412 қаулысына» сәйкес жампоз жырау Қуандық Бүрлібаевтың есімі Қармақшы ауданы Тұрмағамбет ауылдық клуб үйіне берілу құрметіне орай салтанатты шара өткізілді. 
Аудан әкімінің орынбасары Самитов Мажит Самитұлы құттықтау сөз сөйлеп, жырау, профессор Алмас Нұрмаханұлы Алматов, аудан ардагері Нұртілеу Салықовтар Қуандық жырау жайлы естеліктер айтты. 
Қуандық Бүрлібаев - ғасыр түкпірінен жеткен, бабалардан қалған жан жүйеңді босатып, алпыс екі тамырыңды балқытып жіберер мақамдарды бүгінгі ұрпаққа жеткізуші жырау, қанында сол өнерді түйіршігі бар Қуандық Бүрлібаев жыраулық өнерді сол кездегі астана Алматы төрінде ғана жырлап қоймай, Германия мемлекетінде де жырлаған еді. Міне, Қуандық Бүрлібаев Сыр сүлейлерінің алтын мұрасын осылайша әлем алдында жырлап, жарты ғаламды табындырған еді. Жапон еліндегі Токио қаласында Дүниежүзілік фольклорлық фестиваліне қатысып, дауысы дүниежүзілік өнердің алтын қорына жазылды. 1990 жылы Жапон сапарынан науқастанып келген Қуандық жырау 29 қазанда дүниеден озып, қалың қазақтың қабырғасын қайыстырған болатын.
Осындай Қазақстан мемлекетінің өнеріне өлшеусіз үлес қосқан, жампоз жырау Қуандық Бүрлібаевтай қазақтың біртуар ұлдары кемде – кем. Қуандық жырау өз ортасы, қазақ даласын ғана емес, әлемді мойындатты. 
Жүз жырауын жүзіктеген, әр тұлғасының өз орны бөлек елдің мәдениет ошағына жүйріктей жампоз жырау Қуандық Бүрлібаевтың есімі берілгені дәстүрлі жыраулық өнерге, өрісті мәдениетімізге деген құрметтің айшықты белгісі.
06 мамыр 2018 ж. 2 695 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031