«КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ – 2026» аудандық арулар байқауы өз мәресіне жетті
Шәмшат Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде өткен «Күз ханшайымы – 2026» аудандық арулар байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермендерге ерекше көңіл күй мен әсемдікке толы кеш сыйлады.
Байқау барысында аудан мектептерінен қатысқан арулар өздерінің сұлулығын, өнерін, тапқырлығын, талғамы мен шығармашылық қабілеттерін ортаға салып, бақ сынады.
Арнайы номинациялар иегерлері:
«Арулар падишасы» – Ғажденбек Айару (№105 мектеп);
«Көрермен көзайымы» – Нұрланова Нұрлы (№284 мектеп);
«Талғам мен тағылым» – Шалқарбаева Аяулым (№199 мектеп);
«Креативті ару» – Нұрланқызы Нұрай (№269 мектеп);
«Парасатты ару» – Бек Рабия (№107 мектеп);
«Нәзіктік пен әсемдік» – Қазбек Гүлсезім (№183 мектеп);
«Шығармашылық шеберлік» – Серікқызы Жансая (№111 мектеп).
Байқау қорытындысы бойынша:
ІІІ орын: Қонысбек Раяна (№121 мектеп); Сәулебек Перизат (№27 мектеп); Тәңірбергенова Әнел (№85 мектеп).
ІІ орын: Серікова Амина (№274 мектеп); Мирова Аянат (№26 мектеп).
І орын: Алтаева Анель (№106 мектеп).
БАС ЖҮЛДЕ: Кеңесова Әмина (№80 мектеп).
Байқау жеңімпаздары мен номинация иегерлері арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Әрбір қатысушы сахна төрінде өзінің дара болмысын, бойындағы таланты мен сұлулығын көрсете білді. Барша аруларға алдағы уақытта биік белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!
Байқаудың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан ұйымдастырушыларға, жетекшілерге, қолдау білдірген ұстаздар мен ата-аналарға шынайы алғысымызды білдіреміз!
Сұлулық – жүздің ажары болса, өнер – жүректің назы!












