» Шайырлар елі жыр фестивалінде

Шайырлар елі жыр фестивалінде

Қасиетті Қармақшы топырағынан шыққан жыр дүлдүлдері облыс орталығында өнер көрсетті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында, облыс әкімдігінің қолдауымен, Қармақшы ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өткен аталған шара Сыр сүлейі Омар Шораяқұлының 140 жылдығына арналды.
«Алты Алаштың шайыры» деген атпен айтулы фестиваль облыс аумағындағы жыр жампоздарының басын қосты. Шараның басты мақсаты ұлттық кодымыздың бір бөлігі – қазақтың қасиетті жыраулық өнерінің өміршеңдігін жалғастырып, дүлдүлдеріміздің өмір жолы мен шығармаларын келер ұрпаққа ұлағат, өнеге етіп насихаттау болды.
Жыр мерекесін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жырау Алмас Алматов жүргізіп, фестивальге Сыр еліндегі белгілі жыраулар Бидас Рүстембеков, Берік Саймағамбетов, Ақмарал Ноғайбаева, Шолпан Бимбетова, Руслан Ахметов, Майра Сәрсенбаева, Әділхан Қуаңбаев, Серік Жақсығұлов, Айдос Рахметов, Марат Сүгірбай, Күнсұлу Түрікпенова және тағы басқа талантты жыршылар қатысты. Өнер кеші жоғары деңгейде өтіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Кеш қорытындысымен фестиваль қатысушыларына облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемовтің алғыс хаттары табысталып, сый-сияпат көрсетілді.

---
24 сәуір 2018 ж. 2 060 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 826
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 514

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930