» » » Алты Алаштың шайыры

Алты Алаштың шайыры

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында, облыс әкімдігінің қолдауымен, Қармақшы ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қызылорда қаласындағы А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Сыр сүлейі Омар Шораяқұлының 140 жылдығына арналған "Алты Алаштың шайыры..." атты облыстық жыршы-жыраулар фестивалі болып өтті. Шараның басты мақсаты ұлттық кодымыздың бір бөлігі - қазақтың қасиетті жыраулық өнерінің өміршеңдігін жалғастырып, дүлдүлдеріміздің өмір жолы мен шығармаларын келер ұрпаққа ұлағат, өнеге етіп насихаттау болды. Жыр мерекесін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жырау Алмас Алматов жүргізіп, фестивальге Сыр еліндегі белгілі жыраулар Бидас Рүстембеков, Берік Саймағамбетов, Ақмарал Ноғайбаева, Шолпан Бимбетова, Руслан Ахметов, Майра Сәрсенбаева, Әділхан Қуаңбаев, Серік Жақсығұлов, Айдос Рахметов, Марат Сүгірбай, Күнсұлу Түрікпенова және тағы басқа талантты жыршылар қатысты. Өнер кеші жоғары деңгейде өтіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Кешті Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары М.Самитов қорытындылап, фестиваль қатысушыларына облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемовтің алғыс хаттары мен сый - сияпаттарын табыстады.
19 сәуір 2018 ж. 1 833 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 417
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 220

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930