» » » "СҰЛУ СЫРДАН САЗДЫ СӘЛЕМ": БЕЙЖІҢ АСПАНЫНДА ҚАЗАҚ ӘНІ ҚАЛЫҚТАДЫ

"СҰЛУ СЫРДАН САЗДЫ СӘЛЕМ": БЕЙЖІҢ АСПАНЫНДА ҚАЗАҚ ӘНІ ҚАЛЫҚТАДЫ


Қытай астанасы Бейжің қаласындағы Қазақстан мәдениет орталығында 25 қазан – Республика күніне орай Сыр елі өнер шеберлерінің «Сұлу Сырдан сазды сәлем» атты мерекелік концерті өтті.

Өткен жылы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен салтанатты түрде ашылған орталық – еліміздің мәдениеті мен ұлттық құндылықтарын дәріптеуге, мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға арналған маңызды алаң.

Облыс әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған концерт Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтуға, ұлттық өнерді халықаралық деңгейде насихаттауға және екі халықтың рухани байланысын тереңдетуге бағытталған.

Мерекелік кешке Бейжің қаласының тұрғындары, мәдениет пен өнер өкілдері, дипломатиялық корпус мүшелері қатысты.

Концертте облыстық филармонияның фольклорлық ансамблі, айтыскер ақын, үш дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Залипа Төлепова, «Құрмет» орденінің иегерлері Шолпан Бимбетова, Ақмарал Ноғайбаева, Самал Байсеитова, Индира Елубаева, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері Руслан Ахметов пен Сымбат Тасбергенова, Мәдениет саласының үздіктері Рауза Ысқақова, Гүлфира Алиханова мен Мақсат Мақұлбеков, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Мағжан Аманжолов, Бекзат Молдабергенов, Арайлым Маханбетжанова өнер көрсетті.

Сондай-ақ Н. Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық- драма театрының әртістері Асқар Оразалиев, Сұлтанбек Бисеналиев, Жауһар Еркінова мен Баян Қали сахнаға шығып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Ал «Томирис» би ансамблі ұлттық билерді орындап, қазақ хореографиясының озық үлгілерін паш етті.

Концертте халқымыздың бай музыкалық мұрасы, дәстүрлі өнері мен орындаушылық мәдениеті таныстырылып, көрерменге мазмұнды бағдарлама ұсынылды. Ұлттық ән мен күй арқылы рухани болмыс, тарихи тамыр мен мәдени сабақтастық кеңінен дәріптелді.

Бұл екі ел арасындағы мәдени байланысты нығайтып қана қоймай, қазақ өнерін халықаралық деңгейде танытуға және Сыр өңірінің шығармашылық әлеуетін көрсетуге мүмкіндік берді.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

24 қазан 2026 ж. 37 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 138
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 334

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031