» » «БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМНІҢ 30 ЖЫЛЫ» МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТІ ӨТТІ

«БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМНІҢ 30 ЖЫЛЫ» МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТІ ӨТТІ

Қызылордада Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл және 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай ерекше мерекелік концерт өтті. Осы маңызды даталарға арналған шараға облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагерлері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, облыстық ҚХА құрылымының белсенділері, қала тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты.

Концерт облыстық Ассамблеяның 30 жылдағы жеткен жетістіктері мен осы уақыт аралығындағы ел дамуына қосқан үлесін бейнелейтін бейнероликпен басталды. Мерекелік бағдарламада түрлі этнос өкілдері ұлттық киімдермен сахнаға шығып, бірлік пен достықты, ынтымақтастықты паш еткен әсерлі көріністері көпшіліктің көңілін көтерді.

Облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов жиналғандарға облыс әкімі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрлыбек Нәлібаевтың құттықтауын жеткізіп, ассамблеяның белсенділеріне аймақ басшысының алғыс хаттарын табыстады.
Мерекелік концертте облыстық этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары өнер көрсетіп, көрермендерге ұмытылмас әсер қалдырды.
02 наурыз 2025 ж. 277 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031