» » » ТҰРМАҒАМБЕТ АУЫЛЫНДА «ЕЛ ІШІ – ӨНЕР КЕНІШІ» МӘДЕНИ КЕШІ ӨТТІ

ТҰРМАҒАМБЕТ АУЫЛЫНДА «ЕЛ ІШІ – ӨНЕР КЕНІШІ» МӘДЕНИ КЕШІ ӨТТІ


Қармақшының жыршылық дәстүрі мен ұлттық өнерін ұлықтаған Тұрмағамбет ауылында дәстүрлі «Ел іші – өнер кеніші» мәдени кеші ұйымдастырылды.

Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес өткен шараға аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев қатысып, ауыл тұрғындарын рухани кештің ашылуымен құттықтады.

-Қармақшы - талай ғасырдан бері жыраулық дәстүрдің тамыры үзілмеген қасиетті мекен. Ал Тұрмағамбет ауылы– сол рухани дәстүрдің қарашаңырағына айналған киелі ауыл. 100 жырау шыққан қасиетті топырақтың өнерге деген құрметі де, жауапкершілігі де ерекше. Тұрмағамбеттей жыр қонған киелі мекеннің келешегі кемел болсын!Жыраулық дәстүріміз жалғасын таба берсін,- деді Диас Асылбекұлы.

Бүгінде ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 4 бейнебақылау камерасы орнатылған. Бұдан бөлек демеушілік қаражат есебінен жаңа аялдама салынды.

Мәдени кеште аудан өнерпаздары көрерменге ән, күй, жыр ұсынып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

22 тамыз 2026 ж. 246 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 426

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30