» » » «ЕЛ ІШІ - ӨНЕР КЕНІШІ» ТӨРЕТАМ КЕНТІНДЕ ЖАЛҒАСТЫ

«ЕЛ ІШІ - ӨНЕР КЕНІШІ» ТӨРЕТАМ КЕНТІНДЕ ЖАЛҒАСТЫ


Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Ел іші – өнер кеніші» мәдени шарасы алғаш рет Төретам кентінде өтті.

Тағылымды шарада аудан әкімінің орынбасары Диас Асылбекұлы құттықтау сөз сөйлеп:

– Бүгінгі кештің маңызы ерекше. Өйткені ауданымызда дәстүрге айналған бұл мәдени жоба алғаш рет қасиетті Төретам кентінде ұйымдастырылып отыр. Осы уақытқа дейін Жосалы кентінің орталық алаңында өткізіліп келген игі бастаманың Төретам төрінде жалғасуы – мәдениетіміздің өрісін кеңейтіп, елді мекендердегі рухани өмірді жандандыруға бағытталған маңызды қадам, – деп атап өтті.

Кеш барысында аудан өнерпаздары ән мен жырдан, күй мен биден шашу шашып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ұлттық нақыштағы көрмелер, өнер көрсетілімдері мен әсерлі музыкалық туындылар көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп, мәдени кештің мазмұнын айшықтай түсті.

Ашық аспан астында өткен тағылымды шараға Төретам кентінің тұрғындары мен қонақтары белсене қатысып, жергілікті өнерпаздардың өнеріне зор қошемет көрсетті.

Алғаш рет Төретам кентінде ұйымдастырылған «Ел іші – өнер кеніші» мәдени жобасы тұрғындарға ерекше әсер сыйлап, ел бірлігі мен ұлттық өнерді ұлықтайтын игі бастама ретінде жоғары бағаланды.

01 тамыз 2026 ж. 225 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 855
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 115

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930