Мәслихаттар сайлауы
» » » «ЕЛ ІШІ – ӨНЕР КЕНІШІ» МӘДЕНИ ШАРАСЫ ЖАЛҒАСУДА

«ЕЛ ІШІ – ӨНЕР КЕНІШІ» МӘДЕНИ ШАРАСЫ ЖАЛҒАСУДА


Бүгін Жосалы кентінің орталық алаңында аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Ел іші – өнер кеніші» мәдени шарасы аясында кезекті концерттік бағдарлама өтті.

Мәдени шараның мақсаты – ұлттық өнерді ұлықтау, жергілікті өнерпаздардың шығармашылығына қолдау көрсету, мәдени мұраны кеңінен насихаттау және тұрғындардың мәдени-рухани өмірін жандандыру.

Бұл жолғы концерттік бағдарламада Қармақшы ауылы мен Қызылтам елді мекенінің өнерпаздары сахнаға шығып, ән мен жырдан, күй мен биден шашу шашты. Ұлттық нақыштағы өнер көрсетілімдері мен әсерлі музыкалық нөмірлер көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, кештің сәнін келтірді.

Ашық аспан астында өткен мәдени кешке аудан тұрғындары мен қонақтары белсенді қатысып, жергілікті өнерпаздардың өнеріне зор қошемет көрсетті.

Айта кетейік, «Ел іші – өнер кеніші» мәдени жобасы қыркүйек айына дейін әр сенбі сайын Жосалы кентінің орталық алаңында жалғасады. Концерттік бағдарламаларға ауданның барлық ауылдық округтері кезең-кезеңімен қатысып, өздерінің үздік өнерлерін көпшілік назарына ұсынады.

25 шілде 2026 ж. 378 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 303
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 453

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30