» » » «ЕЛ ІШІ – ӨНЕР КЕНІШІ»

«ЕЛ ІШІ – ӨНЕР КЕНІШІ»


Бүгін Жосалы кентінің орталық алаңында аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Ел іші – өнер кеніші» мәдени шарасы өтті.

Шараның басты мақсаты – ұлттық өнерді дәріптеу, жергілікті өнерпаздардың шығармашылығына қолдау көрсету, мәдени мұраны насихаттау және тұрғындардың мәдени-рухани өмірін жандандыру.

Концерттік бағдарламаның ашылу кешінде Ақтөбе және Жосалы ауылдық округтерінің өнерпаздары сахна төрінде ән мен жырдан, күй мен биден шашу шашып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Әсем әуен мен ұлттық нақыштағы қойылымдар тұрғындардың ыстық ықыласына бөленді.

Айта кету керек, «Ел іші – өнер кеніші»мәдени жобасы қыркүйек айына дейін әр сенбі сайын Жосалы кентінің орталық алаңында жалғасады. Концерттік бағдарламаларға кент пен ауданның барлық ауылдық округтерінің өнерпаздары кезең-кезеңімен қатысып, өз өнерлерін көпшілік назарына ұсынатын болады.

18 шілде 2026 ж. 301 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 192
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 382

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30