Конституция
» » «ЕЛ ІШІ - ӨНЕР КЕНІШІ»

«ЕЛ ІШІ - ӨНЕР КЕНІШІ»


Бүгін Жосалы кентінің орталық алаңында аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес дәстүрлі түрде өткізіліп жүрген «Ел іші – өнер кеніші» тақырыбында концерттік бағдарламаның ашылу кеші өтті.

Тағылымды кеште аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев құттықтау сөз сөйлеп:

- Өнер – халықтың рухани байлығы, ұлтымыздың асыл қазынасы. Осы құндылықтарымыз арқылы халқымыздың тарихы мен тағылымы, салт-дәстүрі ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Өткен жылдан бастап ауданымызда дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Ел іші – өнер кеніші» концерті жергілікті өнерпаздардың шығармашылығы мен талантты азаматтардың арасындағы мәдени байланысты нығайтуға үлкен үлес қосып келеді. Барша қатысушыларға шығармашылық табыс, шалқар шабыт тілеймін. Өнерлеріңіз өрлей берсін, мерейлеріңіз үстем болсын,- деп атап өтті.

Бүгінгі кеш барысында Төретам кенті мен Тұрмағамбет ауылының өнерпаздары ән мен биден шашу шашып, тұрғындарға рухани әсер сыйлады.

Айта кетсек ұлтымыздың асыл құндылығын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылар тағылымды кеш Жосалы кентінің орталық алаңында кент және ауылдық округ өнерпаздарының қатысуымен қыркүйек айына дейін әр сенбі сайын өткізілетін болады.

Келіңіздер, көріңіздер! Көңілді кештен құр қалмаңыздар!

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

13 маусым 2026 ж. 124 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 410
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 923

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031