» » » «ӨНЕР – ҰРПАҚҚА ҮЛГІ, ЕЛГЕ – МҰРА»

«ӨНЕР – ҰРПАҚҚА ҮЛГІ, ЕЛГЕ – МҰРА»


Көшеней Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінде жыраулық өнерді дәріптеген тағылымды мәдени шара – «Өнер – ұрпаққа үлгі, елге – мұра» атты үйірме шәкірттерінің есепті концерті жоғары деңгейде өтті.

Сыр бойынан бастау алған жыраулық дәстүрді сақтау, дамыту және жас ұрпаққа насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев қатысып, жиналған қатысушыларға ізгі тілегін білдірді:

-Ауданымызда дәстүрлі жыраулық өнер ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып жалғасып, бүгінгі күнге дейін өз мән-маңызын жоғалтпай келе жатыр.Осынау асыл мұраны сақтап, кейінгі буынға жеткізу жолында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Бұл игі бастамалар «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығының тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылатыны ерекше атап өткен жөн. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Өнер – ұрпаққа үлгі, елге – мұра» атты жыр-терме, ақындық, күйшілік сыныптарындағы есепті концерті – соның айқын дәлелі,- деді Диас Асылбекұлы.

Концерт барысында «Рүстембек жырау», «Тұрмағамбет ақын», «Базар жырау» «Қорқыт» және тағы да басқа үйірмелердің жетекшілері және жас жыршылар өнер көрсетіп, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Сондай-ақ көрермен тарапынан да ерекше қошемет көрсетіліп, ұлттық өнерге деген құрмет жоғары бағаланды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

30 желтоқсан 2025 ж. 440 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 099
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 688

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031