» » » ӨНЕР - ҰРПАҚҚА ҮЛГІ, ЕЛГЕ МҰРА

ӨНЕР - ҰРПАҚҚА ҮЛГІ, ЕЛГЕ МҰРА


Сырдың даңқын ән-жыр, күйімен асқақтатқан қасиетті Қармақшы елінде Көшеней Рүстембеков атындағы «Жыраулар үйінің» үйірме шәкірттерінің «Өнер – ұрпаққа үлгі, елге мұра» атты жылдың қорытынды концерті ұйымдастырылды. Сүлейлер салған сара жолмен келе жатқан жас жыршы- жырауларымызға ұлағатты ұстаз болып жүрген үйірме жетекшілері мен тұлпардай бәйгеге қосқан шәкірттері Сыр сүлейлерінің шығармаларын мақам-саздарда нақышына келтіре орындап, көрермендердің қошеметіне бөленді.
Шара соңында кенттік ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерболат Ұзақбаев сөз сөйлеп, «Жиенбай жырау» үйірмесінің жетекшісі, ұстаз-жырау Дінислам Тоқсанбаевқа «Еңбек даңқы» медалін табыстады. Мәдени іс шараға қатысқан барша ұстаздар мен шәкірттер аудан әкімінің орынбасары Смағұлов Самат Қыдырбекұлының арнайы алғыс хатымен марапатталды. Бүгінгі таңда ата аманатын жалғастырар талантты ұрпақтарының алар асулары көп, шығармашылық табыстары мол болсын.

27 желтоқсан 2024 ж. 696 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 806
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 527

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930