» » » «Жыр – қазына» тақырыбында жыршы-термешілер концерті өтті

«Жыр – қазына» тақырыбында жыршы-термешілер концерті өтті


Қармақшы аудандық Көшеней Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру; Болашаққа бағдар» мақаласы аясында «Жыр – қазына» тақырыбында жыршы-термешілер концерті болып өтті. Концертке Жыраулар үйінің үйірме жетекшілері мен үйірме шәкірттері қатысты. Шараны ақындар үйірмесінің жетекшісі Сырым Әділбеков «Арнау» жырмен ашты. "Базар жырау" үйірмесінің жетекшісі Руслан Өтегенов шәкірттерімен өнерлерін ортаға салды. «Көшеней жырау» үйірмесінің шәкірттері Маратқызы Аяулым, Ибрагим Рабия және Амантай Айдана көрермен ықыласына бөленсе, «Қорқыт» қобыз үйірмесінің жетекшісі Жаңабергенова Зияда /жетіген/ мен Мейрамбекқызы Айшаның /қобыз/ орындауындағы Абайдың «Көзімнің қарасы» өлеңі тыңдарманды таңқалдырды.
11 қаңтар 2021 ж. 1 227 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 839
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 524

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930