» » » Дара туған жарық жұлдыз

Дара туған жарық жұлдыз


ХАЛЫҚ АРАСЫНДА ЖИІ АЙТЫЛАТЫН «СЫР ЕЛІ – ЖЫР ЕЛІ» ДЕГЕН НАҚЫЛ СӨЗГЕ ЖЕРГІЛІКТІ ӨНЕРПАЗДАР АЙҚЫН ДӘЛЕЛ. ҚАНШАМА ҒАСЫРДАН БЕРІ ҰРПАҚТАН-ҰРПАҚҚА ЖАЛҒАСЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН ДӘСТҮРЛІ ӨНЕР БИІКТЕЙ ТҮСУДЕ.
Жыраулық өнерге қосқан өзіндік үлесі бар, жыраулық өнердің көрнекті өкілі, Сыр бойының жыраулық дәстүрін сахнаға бейімдеп қалыптастырушы тұлға – Көшеней Рүстембекұлы. Биыл Сыр перзентіне 75 жыл. Осыған орай аудан, облыс көлемінде түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылуда. Мәні зор, тағылымды жиындар тізбегі жақында Қуаңдария ауылында жалғасын тапты.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында ауылдық клуб үйінде Көшеней Рүстембекұлына арналған «Дара туған жарық жұлдыз» атты аудандық жыршы-термешілердің жыр керуені өтті. Аталған салтанатты жиында мәдениет саласының ардагері, жыршы Зәуре Кәрібаева, аудандық жыраулар үйі ­жанынан ашылған «Базар жырау» үйірмесінің жетекшісі Руслан Өтегенов, «Рүстембек жырау» үйірмесінің жетекшісі Балтабай Бедебаев, №28 мектеп оқушылары ­Жанель Тоқтарова, Ақерке Шоңбаевалар сахна төрінен табылды. Халықты жырмен сусындатып, рухани кеш сыйлады.
Кеш қонақтары жеті атасынан жыраулық дәстүрді дәріптеген Көше­ней жыраудың інісі, белгілі жырау Бидас Рүстембеков пен Ш.Төлепова атындағы мәдениет үйінің директоры, Көшенейдің кенже ұлы Арнұр Көшеней кеш қонақтары ретінде естеліктер айтып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Іс-шараға ауыл әкімі Ардақ Басқынбайұлы, мекеме басшылары мен «Олжа» шаруа қожалығының төрағасы Болат Бөгетов демеушілік жасады. Жырауларға сый-сияпат жасалып, қонақтарға шапан жабылды.

Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
25 желтоқсан 2021 ж. 1 572 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (10532)

24 тамыз 2026 ж.

№63 (10531)

22 тамыз 2026 ж.

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 737
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 183

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31