» » » Өнер аспанында – Көшеней мұрасы

Өнер аспанында – Көшеней мұрасы

БИЫЛ ТАЛАЙ ҰРПАҚҚА ТАҒЛЫМ БОЛАР ӨНЕРДІҢ ӘР САЛАСЫНА ІЗ ҚАЛДЫРҒАН ЗОР ТАЛАНТ ИЕСІ, ЖЫРАУ КӨШЕНЕЙ РҮСТЕМБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА – 75 ЖЫЛ.
Көшеней – өлмес өнердің мәйегі. Ол өткен ғасырдың 60-жылдарынан бас­тап тынып қалған дәстүрлі жыраулық өнердің телегей теңізін дауылдай шайқап, талай ұрпаққа тағылым болар өнерге өшпестей із қалдырған зор талант иесі, небәрі 27 жылдық ғұмырында өнер аспанынан жұлдыздай ағып түскен хас талант.
Өткен аптада алты Алашқа аты мәлім даңғайыр жыраулар Жиенбай мен Рүстембектің ұрпағы, ақын-сазгер, жампоз жырау Көшеней Рүстембековтің 75 жылдық мерейтойына арналған түрлі деңгейдегі мәдени іс-шаралар легі Төретам кентінде жалғасын тапты. Аудан әкімі Қайрат Нұртай жыр фестиваліне арнайы қатысып, жыршыларға сәттілік тілеп, өнер керуені мұнымен тоқтап қалмайтынына сенім білдірді. Себебі мұндай игі іс-шаралар елдің де, ұлттық өнерді дәріптеуші өнерпаздың да рухын көтеретіні анық деді өз сөзінде.
Фестивальге жеті жасынан жы­раулық дәстүрді дәріптеген, Кө­ше­ней жыраудың інісі, Қазақстан Рес­публикасының мәдениет қайраткері, белгілі жырау Бидас Рүстембеков, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Берік Саймағанбетов, Жиенбай жыр мектебінің өкілі Думан Ахметов, белгілі жырау Зәуре Кәрібаева, республикалық, облыстық байқаулардың жеңімпазы Айгерім Ешбаева, республикалық, халықаралық жыр додаларының бірнеше мәрте бас жүлдегері, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының студенті Тоғжан Бақытова, республикалық байқаулардың жүлдегері, жас жырау Руслан Өтегенов, ақын, жырау Динар Рахман қатысты. Жырға шөлдеген төретамдықтардың құлақ құрышын қандырған жыршы-жыраулар зор қошеметке бөленді.
Оларға арнайы дипломдар мен Төретам кенті кәсіпкерлерінің демеу­шілігімен дайындалған сый­лықтар табысталды.
– Төретам кенті ұлттық өнерімізге жанашырлықпен қолдау білдіріп, жоғары бағалайтын жандарға кенде емес. Барлық демеушілерге осы фестивальдің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқандары үшін алғысымды білдіргім келеді, – дейді Төретам кенті клуб үйінің меңгерушісі Ақмарал Кішкентаева.
«Қт» ақпарат
07 желтоқсан 2021 ж. 1 176 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 022

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031