» » » Жыраулық дәстүр – ұлт құндылығы

Жыраулық дәстүр – ұлт құндылығы

Жүз шайыр шыққан Қармақшы өңірі биыл ұлтымыздың ұлы құндылықтарының бірі болған жыраулық дәстүрді дәріптеп, жыраулар тұлғасын таныта түсуге күш салмақ. Мәселен осы мақсатта жырау Көшеней Рүстембековтің 75 жылдығына орай республикалық деңгейде спектакль-концерт өткізу жоспарлануда. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қармақшы ауданының әкімі Қайрат Нұртай осы және өзге де ауқымды шаралар туралы мәлімдеді.
Брифингте республикалық және облыстық деңгейде бірқатар іс-шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз деген аудан басшысы «Мәңгілік сарын – Қорқыт ата мұрасы» қылқобызшылар фестивалінө ткізу де жыл жоспарына енгендігін атап өтті.
«Жырау Базар Оңдасұлының 185 жылдығында «Жамиғы қазақ бір туған» тақырыбында дастан жырлаушылардың облыстық жырфестивалі ұйымдастырылмақ. Мәдениет саласын қолдау бағытында ағымдағы жылы Қуаңдария ауылдық округінен 100 орындық ауылдық клуб құрылысы басталады», - деді Қайрат Ырзақұлұлы.
25 тамыз 2021 ж. 1 002 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 802
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 504

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930