» » » Аудан әкімі жырауларды марапаттады

Аудан әкімі жырауларды марапаттады


Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков ауданымыздың мәдениет саласында мәртебесін асырып рухани дамуға ерекше үлес қосып жүрген, жырау –ақындарымызды қабылдады.

Кездесуде алтынның сынығы Жиенбай жыраудың тікелей ұрпағы әйгілі жырау Арнұр Көшенейұлы мен жас айтыскер ақын Сырым Әділбеков болды.

«Қазақ руханиятының шоқтығы биік бір рухани саласы – жыраулық өнер. Ғасырлар бойы атадан балаға мұра болған асыл қазынамыз жыраулық өнерін жалғастырушы, ұлттық мұрамыздың насихаттаушысы, талантты өнер қайраткері ретінде үлгі болып келесіздер. Дәстүрлі додаларда бәйге төрінен көрініп, өлкеміздегі жыраулық өнерді асқақтату жолындағы ерекше үлестеріңіз үшін алғысымды білдіремін», - деді аудан әкімі Мұса Оспанұлы.

Кездесу барысында Арнұр Көшенейұлына «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жылдығы» мерекелік медалі мен «Алғыс хат» табыстап сый-сияпат көрсетті.

Сонымен бірге дәстүрлі жыраулық пен айтыс өнерін жалғастырып, іскер жас маман ретінде танылып жүрген жас айтыскер ақын Сырым Әділбеков «Алғыс хатпен» марапатталды.

Кездесу соңында аудан басшысы мәдени рухани саланы дамытуда әрқашанда қолдау білдіретінін, «Жүз жыраудың елі» атанған қасиетті Қармақшы өлкесінде жыраулық дәстүрді әрі қарай жандыруда сәттілік тіледі.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
31 желтоқсан 2020 ж. 827 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 407
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728