» » » Жыраулық өнерді насихаттаушылар "Үздік түлек" атанды

Жыраулық өнерді насихаттаушылар "Үздік түлек" атанды


Сыр өңіріндегі дәстүрлі жыраулық өнерді насихаттаушы Арнур Көшеней, Амандық Қуандықұлы, Серик Жаксыгулов ағаларымыз Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің "Үздік түлегі" төс белгісімен марапатталды. Марапатты Университет ректоры филиология ғылымдарының кандидаты Каримова Бейбіткүл Сәрсемханқызы табыстады.

- 1991-1995 жылдар аралығында жоғарғы білім алып 1995-2016 жылдарда ұстаздық еткен білім мен ғылымның өнер мен мәдениеттің тоғысқан қара шаңырағы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры ф.ғ.к. Каримова Бейбіткүл Сәрсемханқызының қабылдауында болдық. Қабылдауда атадан балаға жалғасып бүгінгі күнге дейін алтын тін арқау жібін үзбей келе жатқан жыраулық өнер жайлы сөз қозғалды. Бейбіткүл ханымның дәстүрлі өнерге деген құрметінің ерекше екені көзге көрініп-ақ тұр. Университет жанынан ашылған "Дәстүрлі өнер институтының" бүгінгі жай-күйі жайлы айта келіп болашақта мемлекеттік білім гранаттарын көбейтуге күш салатынын да тілге тиек етті. Қабылдау соңында университет ректоры Бейбіткүл ханым, Арнұр Көшеней мен Серік Орынбекұлын және мені "ҮЗДІК ТҮЛЕК" төсбелгісімен марапаттады. Қабылдаудан соң "Дәстүрлі өнер институтына" барып жыраулық өнердің мұрагер ұрпақтарымен кездесу болды. Институт директоры Ғани Байұлы сөз бастап студенттермен көптеген пікірлерді ортаға салдық, - дейді К.Рүстембеков атындағы жыраулар үйінің директоры Амандық Қуандықұлы.
29 қараша 2020 ж. 1 356 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 055

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031