» » УНИВЕРСИТЕТ БІЛІМ КҮНІ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ

УНИВЕРСИТЕТ БІЛІМ КҮНІ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде 1 Қыркүйек – Білім күні мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Оған университет ректоры, т.ғ.д., профессор Қ.А.Бисенов, профессор-оқытушылар, студенттер қатысты.Биыл Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне 1105 білім алушы - күндізгі,  661 студент сырттай оқуға қабылданды. Сондай-ақ докторантураға - 22, магистратураға - 247 білім алушы қабылданды. Жыл сайын аймақтың білім, мұнай-газ ісі, құрылыс, электр энергетикасы, ауыл шаруашылығы секілді түрлі салаларын қажетті мамандармен қамтамасыз ету мақсатында университет студенттері үшін Қызылорда облысы әкімінің білім гранттары бөлініп келеді. Биылғы оқу жылында 13 мамандық бойынша Қызылорда облысы әкімі гранты негізінде 95 білім алушы 1 курсқа қабылданды.
Университет 2018 жылы Қазақстанның үздік ЖОО Ұлттық рейтингі қорытындысы бойынша (НАОКО рейтингі) жоғары 9-орыннан көрінсе, Еуропа және Орта Азия елдері университеттерінің 2900-ден астам жоғары оқу орындары арасында 2018 жылдың ақпан айында Үздік 300 университеттер тобына енді. Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одақтың «Признание» халықаралық премиясына ие болды.
Салтанатты шара барысында оқытушы-профессорлар марапатталып, арнайы алғыс хаттар табысталды. Сонымен қатар бүгінде түрлі салада абыройлы қызмет атқарып жүрген  университет түлектері Білім күні мерекесімен құттықтап, университет ұжымына сәттілік тіледі. 
Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
02 қыркүйек 2018 ж. 2 076 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930