» » ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Жуырда аудандық мәдениет үйінде «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы: қолжетімді жоғары білім алудың мүмкіндігі» тақырыбында Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университеті күні өтті. Оны аудан әкімінің орынбасары М.Сәмитов жүргізді.
– Кез келген елдің болашағы – оның білімі мен ғылымына тығыз байланысты. Ол үшін білікті кадр даярлау, қайта оқыту, олардың біліктілігін арттыру – кезек күттірмейтін міндет. Елбасының әлеуметтік бес бастамасындағы үшінші баспалдағы «жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсартуға» арналып отыр. Жыл сайын 54 мың грантқа қосымша 2018-2019 оқу жылында тағы 20 мың грант қарастырылған. Оның 11 мыңы техникалық мамандықтар бойынша ең алдымен инженерлер, ақпараттық технология, робототехника, нанотехнология саласына мамандарды даярлау басымдығы беріледі. Бұл да жастарға мемлекет қамқорлығының айқын көрінісі, – деді аудан әкімінің орынбасары.
Шарада Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың оқу ісі жөніндегі проректоры А.Жүнісов, университеттің оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Б.Әбдікәрімов, PһD докторы Н.Аппазов, жоғары оқу орнының студенті, №183 орта мектептің түлегі, «Алтын белгі» иегері Д.Серікбекова, №105 мектеп-лицей директоры Г.Мұнарбаева, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы С.Мырзабаев, №26 мектептің 11-сынып оқушысы Ә.Қарабарақов сөз сөйлеп, ұсыныс-пікірін білдірді.
Кездесуде Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың «Үздік түлек» төсбелгісі бүгінде түрлі салада абыройлы еңбек етіп, ел дамуына сүбелі үлесін қосып жүрген бірқатар білікті мамандарға тапсырылса, шара соңы университет студенттерінің концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК,
Қазбек ТАЙБАҒАРОВ (сурет),
«Қармақшы таңы».
18 сәуір 2018 ж. 1 387 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 395
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 196

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930