» » Фракция отырысы өткізілді

Фракция отырысы өткізілді

«Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалында Елбасы, Партия Төрағасы Н.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін талкылау мақсатында аудандық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясының мүшелерінің қатысуымен отырыс болып өтті. Отырысты фракция жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты К.Раева ашып жүргізіп отырды. Күн тәртібіндегі «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін талкылау бойынша «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Буханов хабарлама жасап, бес бастамаға тоқталып өтті. Соның ішіндегі маңыздысы «Шағын несие беруді көбейту», «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» мәселесіне байланысты аудандағы Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің жатақханасы туралы мәселе көтерілді. Одан соң аудандық мәслихат депутаты А.Қаржаубаевтың сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы, атқарылып жатқан жұмыстары туралы есебі тыңдалды. Күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты депутаттар Б.Нысанбаев, Н.Пірмантаев, А.Үсеновтер өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын да айтып өтті. Отырысты «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, фракция жетекшісі К.Раева қорытындылап, Елбасы, Партия Төрағасы Н.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін тұрғындар арасында, әрбір ұжымда талқылап, алдағы уақытта кеңінен түсіндіру жұмыстары жалғасатынын айтты.
26 наурыз 2018 ж. 2 241 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (10431)

23 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 299
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 1 750

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930