» » Жетекші партияның бүгінгі ісі - ертеңге үлгі

Жетекші партияның бүгінгі ісі - ертеңге үлгі

Көктемнің алғашқы күні «Нұр Отан» партиясы үшін ерекше мәні бар маңызды күн. Осындай күні «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалының мәжіліс залында партияның құрылғанына 19 жылдығымен орай салтанатты шара өтті. Шараға аудандық партия филиалы қызметкерлері, партия ардагерлері, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері, партия белсенділері қатысты. Салтанатты шараны «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының… бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Д.Буханов ашып, шараға қатысушыларды партия күнімен құттықтап, «Нұр Отан» партиясының ел мүддесі жолындағы оң бастамалары игі істердің арқауы болып, партия қатарының да күннен - күнге өз қолдаушыларымен толығып келе жатқанын айтты. Сонымен бірге партия белсенділерін "Нұр Отан" партиясы Қармақшы аудандық филиалының төрағасы С.Мақашовтың атынан алғыс хаттармен марапаттап, партия қатарына жаңадан қабылданушыларға партиялық билеттерді салтанатты түрде табыстады. Шара барысында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының төрағасы Ә.Құлдүйсенов, аудандық «Ардагерлер кеңесінің» төрағасы Қ.Есдәулетов, аудандық «Әйелдер кеңесінің» төрайымы, аудандық мәслихат депутаты К.Раевалар біздің партиямыз – «Нұр Отан» партиясы жауапты саяси күш ретінде барлық қиындықтар мен сынақтарды халықпен бірге бөлісіп, әрқашан еліміз үшін күрделі әрі өмірлік маңызы бар шешімдер қабылдады және олардың орындалуына әрдайым қол жеткізіп отырғандығын айта келе шараға қатысушыларды бүгінгі мерекелерімен құттықтады. Сонымен қатар марапат иелері С.Балғожина, Ш.Саймағанбетова, К.Берденовалар сөз сөйлеп, мерекелік лебіздерін білдірді.
01 наурыз 2018 ж. 1 797 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 422
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 229

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930