» » КӨШПЕЛІ МӘЖІЛІС КӨП НӘТИЖЕНІ КӨРСЕТТІ

КӨШПЕЛІ МӘЖІЛІС КӨП НӘТИЖЕНІ КӨРСЕТТІ

«Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы жанындағы Саяси кеңес пен фракция мүшелері Исатай ауданында болып, Исатай аудандық  партия филиалының өткен жылы атқарған жұмыстары бойынша көшпелі мәжіліс отырысына қатысып, жыл бойы атқарылған жұмыстарды тыңдап, талдау жасап қайтты.
Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Бақберген Қарабаев:   -«Қазіргі әлемнің жаһандануға бет бұрып,  жедел даму белең алған кезеңде  Елбасы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»  атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының маңызы ерекше. Жолдаудың маңызы – жаңа әлемге бейімделу болып табылады. Ұлттың басты құндылығы – бейбітшілік, ұлтаралық және конфессияаралық келісім екендігі айтылған. Жолдауда айтылған 10 бағыттың өзіндік ерекшелігі бар.Үш тұғырлы жаңғырудың түпкі негізі – ұлт тұтастығы.Бұл Жолдаудың еліміздің дамуына одан әрі серпін берері ақиқат.
Бұл игі бастаманы ел ішінде насихаттап, лайықты жүзеге асыру – баршамыздың парызымыз, – деді.
Бұдан соң  «Нұр Отан» партиясы Исатай аудандық филиалының 2017 жылы атқарған жұмыстары туралы Исатай аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақтолқын Ахметжанованың баяндамасы тыңдалды.
-«Нұр Отан» партиясы Исатай аудандық филиалы 9 бастауыш партия ұйымын біріктіреді. Жыл қорытындысы бойынша  барлық бастауыш партия ұйымдары, осыған сәйкес мүшелік жарна жинау жұмысы толығымен орындалды. Жыл ішінде филиал бойынша 2 рет  конференция, 1 рет Саяси Кеңес отырысы және 6 рет Саяси кеңес бюросының отырысы өткізілді.
Аудандық филиал және бастауыш партия ұйымдары арқылы 7 партиялық жоба аясында жұмыстар атқарылды.  Жалпы 100-ге жуық шара өткізіліп, 6800 -ден астам адам қатысты. Бұл насихат жұмыстарынан бөлек, тек қана партиялық жобалар бойынша,-деді Ақтолқын  Ахметжанова.
Көшпелі отырыста «Жас Отан» Жастар қанаты Исатай аудандық бөлімшесінің жұмысы, «Сәтті қадам» партиялық жобасы бойынша 2017 жылы атқарылған жұмыстар туралы, «Нұр Отан» партиясы Исатай аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңестің 2016-2017 жылдары аралығында атқарған жұмыстары туралы баяндамалар тыңдалды.
Сайып келгенде көшпелі мәжіліс облыс пен аудан арасындағы байланыстың нәтижесін көрсетті.
Көшпелі мәжілісте сөз алған  «Нұр Отан» партиясы Исатай аудандық филиалының төрағасы, Исатай ауданының әкімі Марат Мурзиев аудандық партия филиалы жанындағы Саяси кеңесінің мүшелері мен депутаттарына, бастауыш партия ұйымдарына берілген тапсырмаларды уақытында орындап, белсене жұмыс жасауды тапсырды.
21 қаңтар 2018 ж. 2 147 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031