Колледж студенттерімен кездесу болып өтті
Парламентте өткен қос палатаның бірлескен отырысындағы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты жарияланған үндеуін талқылау, насихаттау мақсатында ағымдағы жылдың 15 наурыз күні «Қоғамдық келісім» КММ Қармақшы ауданы бойынша этносаралық қатынастар жөніндегі сарапшы Н.Айтбаева және аграрлы техникалық колледжінің директоры Исламбек Айекенов, Қармақшы ауданы Жосалы кентінің Қоғамдық келісім төрағасы, «Ұлт бірлігі – Қармақшы қоғамдық бірлестігінің мүшесі Ш.Құндақбаевтың қатысуымен кездесу болып өтті. Кездесуге студенттер қауымы қатысты. Қазақ халқы осынау Тәуелсіздік дәуірінде бірлік пен татулықтың негізінде талай табыстарға қол жеткізді. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы әлеуметтік жаңғыру жолында жаңа, ауқымды қадам жасады. «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеу жариялады. Онда әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру, жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту, жоғарғы білім алудың қажеттілігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту, шағын несие көлемін көбейту, сондай-ақ елді газбен қамтамасыз ету ісін жалғастыру жөніндегі бастамалар қамтылған. Бұл бастамалар әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын жақсартуға, бірлікті нығайтуға бағытталды.
Шара барысында аграрлы техникалық колледжінің директоры Исламбек Айекенов бес әлеуметтік бастама – халқымыздың игілігін арттыра отырып, мемлекетіміздің тұрақты дамуы жолындағы Ұлы мақсаттарды қамтамасыз ететін ерекше серпінді жоба. Осы Үндеудің ішінде ең басым бағыт, негізгі қолдау – ел ертеңі саналатын жастарға бағытталады. Мектеп бітіріп, өмірге араласқан жастардың алдынан шығатын баспана мәселесі – оларға үлкен қолдау екендігін алға тартты.
Ал, Қармақшы ауданы Жосалы кентінің Қоғамдық келісім төрағасы, «Ұлт бірлігі – Қармақшы қоғамдық бірлестігінің мүшесі Ш.Құндақбаев үшінші бастаманың маңыздылығына тоқталды. «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студенттердің жатақхана жағдайын жақсарту да жастардың алаңсыз білім алып, жан-жақты маман болуына жол ашады. «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» барша қазақстандықтардың ертеңгі күнге сенімдерін нығайтып, қанаттандыра түсетін қуатты қамқорлық. Берік ауызбіршілік, ұлы жауапкершілік еліміз тұтас, қоғамымыз тұрақты болғанда жүзеге асады», - деді.
Студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, кездесу пікір алмасуға ұлсаты.