Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы насихатталды
Нұр Отан партиясы Байқоңыр филиалының есепке алу және статистика бөлімінің меңгерушісі Муханова Кенжегүл Аманжолқызы және "Ақай" БПҰ мүшелері №99 орта мектебі ұжымының қатысуымен Президенттің бес әлеуметтік бастамасын насихаттау барысында БПҰ жиналысы өткізілді. Жиналыста Кенжегүл Аманжолқызы онда әрбір отбасының баспана алудың мүмкіндіктерін беру, жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту, жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту, шағын несие көлемін көбейту, сондай-ақ елді газбен қамтамасыз ету ісін жалғастыру жөніндегі бастамалары қамтылғандығы жөнінде айтып өтті.
Мектеп директоры, БПҰ төрағасы П.Тулемисов өз сөзінде, Елбасы Н.Назарбаевтың жаңа әлеуметтік бастамалар қоғамымыздың әлеуметтік бірлігін нығайту және әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын әрі қарай жақсарта түсуге бағытталғанын, әлеуметтік жаңғыру жолында жаңа, ауқымды қадам жасауға дайын екендігін, елдің игілігіне арналған ұтымды, сонымен қатар, оптимистік жоба. Өркендеген Қазақстан – бұл ең алдымен, мемлекеті өзін қорғап, қолдайтынын, қамқорлық жасайтынын сезінетін, тиісінше елін жан жүрегімен сүйетін патриоттық танытатын өздеріне сенімді мекені екеніне тоқтатылып өтті.
Мектептің АӘД пәні мұғалімі Н.Алматов: қазір жыл сайын бөлінетін 54 мың грантқа қосымша 20 мың грант қосылып отыр. Оның жартысынан астамы техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлық білім алуға бағытталған. Бастама Қазақстанның Төртінші өнеркісіптік революция жағдайындағы жаңа экономикада зор сұранысқа ие болатын инженерлер, ақпараттық технология, робототехника, нанотехнология, ІТ саласының кәсіби мамандарын дайындауға мүмкіндік береді. Бұл дұрыс шешім деп ойлаймын. Өйткені, білімді, білікті болу – заман талабы. -деп өз пікірін білдірді. Жиналыс өз деңгейінде өтіп, барлық БПҰ мүшелері үндеуді бірауыздан қолдады.

Пікір 2