» » БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында Президенттің Бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру мәселелері бойынша білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында Мемлекет басшысының әлеуметтік бастамаларын ашатын жаңа мүмкіндіктері: қолжетімді баспана, салық салуды төмендету, студенттерге арналған жаңа пакет… - қосымша гранттар мен жатақханалар, микрокредиттеуді кеңейті, тұрмыс сапасын жақсарту үшін жаңа газ құбырларын тарту және өңірлерде бизнесті дамыту толықтай қаралды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын жүзеге асыру аясында инфрақұрылымды жаңғырту, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту және саланы ырықтандыру арқылы денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды. Бақытжан Сағынтаев берілген тапсырмаларды жүзеге асыру үшін Үкіметтің барлық қажетті шараларды қабылдап жатқанын атап өтті. Бес бастама бойынша нақты іс-шаралар мен орындалу мерзімін қамтитын Жол картасы іске қосылуда. Барлық іс-шаралар 2022 жылға дейін жүзеге асырылмақ. Қазіргі уақытта олардың орындалу тетіктері толықтай пысықталуда - наурыз айының соңына дейін қажетті заңнамалық өзгерістер жасалады. Инвестициялар және даму министрі Ж.Қасымбек қазақстандықтарға тиімді шарттармен баспана беру бойынша қолжетімді ипотекамен қамтамасыз ететін «7-20-25» бағдарламасының жасалуы, іске қосылатын мерзімі мен қатысу шарттары туралы мәлімдеді. Білім және ғылым вице-министрі Т.Ешенқұлов білім беру мәселелері және жоғары білім берудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, студенттік жастардың тұрмыс жағдайын жақсарту жоспарлары туралы баяндама жасады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н. Әлтаев «Микрокредиттеуді кеңейту» Төртінші бастамасы аясында берілетін жаңа мүмкіндіктерді түсіндірді. Ұлттық экономика министрі Т.Сүлейменов жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көтеру үшін салық жүктемесін төмендету туралы айтты.Талқылау барысында «Болашақ» университетінің ғылыми басшысы Б.Досманбетов, жырау А. Алматов, облыстық медицина орталығының дәрігер-хирургы Н. Амитов, облыстық музыкалық драма театрдың көркемдік жетекшісі А. Хусейн пікір білдірді.
30 наурыз 2018 ж. 1 120 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 323
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031