» » Б.Сағынтаев облыс активімен және бизнес өкілдерімен өңірді дамыту мәселелерін талқылады

Б.Сағынтаев облыс активімен және бизнес өкілдерімен өңірді дамыту мәселелерін талқылады

Елбасы тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды. Сапардың мақсаты —  Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдаулары мен Бес әлеуметтік бастамасы аясында берген тапсырмаларының жүзеге асырылу барысымен танысу.

Бүгін Бақытжан Сағынтаев 2018 жылы әлеуметтік-экономикалық дамудың мақсатты индикаторларына қол жеткізу бойынша облыстың Жобалық бақылау жұмыстарының жүйесі және Мемлекет басшысының Жолдауларын іске асыру мәселелері бойынша өңір активімен, аудан әкімдерімен және бизнес өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайтында.
Кездесуде Елбасының өсімнің жаңа моделін қалыптастыру бойынша алға қойған міндеттерін жүзеге асыру мәселелері талқыланды, ол үшін экономиканың барлық маңызды бағыттары бойынша жобалық басқару жүйесі енгізілді. Бұл — жаппай кәсіпкерлікті дамыту, инвестициялар тарту, индустрияландыру, АӨК, өнімді жұмыспен қамту, цифрландыру, технологиялық жаңғырту және Индустрия 4.0 элементтерін енгізу. Әрбір жоба бойынша мақсатты көрсеткіштер белгіленген.
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев өңірдің жобалық басқаруы аясындағы жаңа жаһандық шынайылық жағдайында экономиканың сапалы әрі тұрақты өсімін қамтамасыз етуге қажетті атқарылып жатқан жұмыстар туралы, сондай-ақ негізгі мақсатты индикаторлар туралы баяндады.
Кездесу барысында Қызылорда облысы экономикасының құрылымдық трансформациясын қамтамасыз ету және сапалы әрі теңгерімді экономикалық өсуді қамтамасыз ету бойынша ішкі қорларын анықтау және пайдалану жоспарлары қаралды. Осы мәселеге қатысты өздері жауапты бағыттар бойынша ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек, ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаев сөз сөйледі.
Талқылауға бизнес өкілдері де қатысты. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Э. Жұмағазиев жобалық басқару міндеттерін іске асыруға бизнесті тартудың басымдықты бағыттары туралы айтып берді.
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев кәсіпкерлікті дамыту Үкіметтің басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Бұл — еліміздің экономикалық өсімінің жаңа моделін құрудың басты бағыты. Осыған орай Үкімет кәсіпкерлік ахуалын жақсарту және ШОБ субъектілерінің іскерлік белсенділігін ынталандыру бойынша жүйелі шаралар қабылдап жатыр.
Анықтама: Бүгінгі таңда лицензиялар мен рұқсаттар саны 3 еседен астамға қысқартылды. Мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларына тексеріс жүргізілді: бақылаудың 25 саласы және қадағалаудың 3 саласы алынып тасталады. ШОБ субъектілерін тексерудің 17,6 мыңнан астам талаптары қысқартылды, мемлекеттік органдарға есептер мен ақпараттың әртүрлі түрлерін ұсыну бойынша бизнеске қойылатын ақпараттық талаптар саны 30%-ке азайды.
Бизнеске қолайлы жағдайлар жасау мен қайта реттеуге бағытталған заң жобасы Парламентте қаралып жатыр. Денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарына қойылатын 30-дан астам ескірген санитарлық ережелер жойылады. Салықтық тексерістер саны 40%-ке азаяды.
Отандық бизнесті дамытуға қолдау көрсету мақсатында Мемлекет басшысы «Шағын несие беруді көбейту» төртінші әлеуметтік бастамасын жария етті. Бұл мақсатқа қосымша 20 млрд теңге бөлінеді (ауылдық жерлерде несие беруге — 14 млрд теңге, қалаларда несие беру үшін — 6 млрд теңге).
Президенттің тапсырмасына сәйкес, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар мен халықтың экономикалық белсенді емес топтарын экономиканы дамытуға тарту жөніндегі тапсырмаларын орындауға, сондай-ақ цифрландыру мен автоматтандыруды ескере отырып мамандарды даярлау және қайта даярлау мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.  Облыстың кадрлық әлеуетін нығайту, жоғары білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, бес әлеуметтік бастама шеңберінде студент жастардың жатақханадағы жағдайларын жақсарту жөніндегі шаралар қаралды.
Талқылауды қорытындылай отырып, Бақытжан Сағынтаев Үкімет бизнесті дамытуға не кедергі келтіретінін, шешімін табудың қандай жолдары бар екенін және қалай көмектесуге болатынын білуі қажет екенін айтты. Жобалық басқару бизнес және мемлекеттік органдарға үнемі байланыста болуға, кәсіпкерлікті дамытудың мәселелерін шұғыл шешуге, сұрақтар мен ұсыныстарды тыңдауға мүмкіндік береді. Бұдан өзге, жаңа өндіріс орындарын ашу мен бизнесті неиселендіру тұрғысынан нарық қажеттіліктеріне талдау жасау қажеттігі көрсетілген.
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Президенттің бес әлеуметтік бастамасын іске асыру бойынша әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесуі, Индустриялық-инновациялық даму, АӨК мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде және экономиканы әртараптандыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан бірқатар өнеркәсіптік және аграрлық кәсіпорындарды аралау, сондай-ақ, ғарыш саласының дамуымен, Байқоңыр қаласының инфрақұрылымы мен ғарыш айлағымен танысу жоспарланған.
Арал маңында Арал өңірінің активі мен жұртшылығымен Солтүстік Арал жобалары мен Президенттің бес әлеуметтік бастамасын іске асыру мәселелері кездесу өткізіледі

29 наурыз 2018 ж. 901 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 023

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031