» » «Көк экономика» авторын қабылдады

«Көк экономика» авторын қабылдады

Үкімет үйінде Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев инновацияларды дамыту саласындағы халықаралық сарапшы Гюнтер Паулимен кездесу өткізді. Оның барысында жаһандық технологиялық әзірлемелерді пайдалану, отандық және шетелдік кәсіпорындардың инновациялық бизнес жобаларға қызығушылығын тудыру арқылы Қазақстанның индустриялды-инновациялық дамуы мәселелері талқыланды.
Гюнтер Паули – «Көк экономика: 10 жыл, 100 инновация, 100 миллион жұмыс орны» (The Blue Economy: 10 years, 100 innovations, 100 million jobs) кітабының авторы. Онда ол табиғи үдерістерге еліктей отырып, экономи­ка­лық, әлеуметтік және экологиялық пайда­сы бар жаңа табысты бизнес үлгілерді жасауға болатынын көрсетеді. Ол қазба ресурстарын пайда­ланудан әлдеқайда қарапайым және эко­логиялық технологияларды қолдануға баса назар аудара отырып, қарапайым индус­трия­лды үдерістерге балама ұсынады.
Бұл ретте біз үшін көзі отықты, құлақ үйреністі болған «жасыл экономикадан» айырмашылығы сол, «көк экономика» «кез келген ресурсты, егер өндіріске қажет болса, басқасымен алмастыруға болады», «табиғатта қалдық болмайды», «кез келген жанама өнім – жаңа өнім үшін көз» деген негізгі қағидалар­ды ұстанатын етеді.
Осы күні Үкімет басшысының төрағалы­ғы­мен Kazakh Invest ұлттық компаниясы директорлар кеңесінің отырысы өтті. Онда Kazakh Invest АҚ-тың 2018 жылға арналған жұмыс жоспары қаралды, сондай-ақ «Ұлттық инвестициялық стратегия» бағдарламасы ая­сын­да инвесторларды тарту бойынша ком­па­ния­ның қызметін жетілдіру мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысының АҚШ, БАӘ, Жапо­ния, Оңтүстік Корея, Қытай, Түркия және басқа елдерге сапарларының қорытын­дысы бойынша қол жеткізілген келісімдерді іске асыруға басымдық берілді. Осы мақсатта Kazakh Invest компаниясының АҚШ, Қытай, Германия, Франция және Түркия секілді бес басымдықты елде болуы күшейтілді, бұл ретте шетел инвестицияларын тартуда көп­жыл­­дық тәжірибесі және баратын елдердегі бизнес қауымдастықтармен тығыз байла­ныс­тары бар атақты бизнесмендер жұмысқа тартылған көрінеді.
Алға қойылған міндеттерге сәйкес, Kazakh Invest бүкіл Қазақстан Үкіметі атынан ірі инвесторлармен және мақсатты трансұлттық компаниялармен бірегей келіссөз жүргізуші ретінде әрекет етуге тиіс.
16 ақпан 2018 ж. 1 220 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031