» » «ЦИФРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТ ҰСЫНДЫ

«ЦИФРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТ ҰСЫНДЫ

Венада «ЕҚЫҰ аумағында инновация, адам капиталын дамыту, қоғамдық және корпоративті жақсы басқару арқылы экономикалық даму мен қауіпсіздікті нығайту» тақырыбына арналған 26 – ЕҚЫҰ Экономика және қоршаған орта форумының бірінші дайындық жиналысы өтті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бірінші дайындық жиналысының сессиялары барысында үкімет, жеке сектор, азаматтық қоғам өкілдерімен қатар халықаралық сарапшылар цифрлық экономика, инновация, жақсы басқару, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, цифрлық экономиканың қауіпсіздік салдарына байланысты мәселелерді талқылады.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Еуропа департаментінің директоры Айгүл Құспан ашылу сессиясында цифрлық экономикаға көшу туралы Қазақстанның жоспарларымен таныстыра келе, қатысушыларға «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы туралы мағлұмат ұсынды. Сонымен бірге, ЕҚЫҰ Италия төрағалығының ұйым шеңберіндегі экономика және экология саласындағы басымдықтарына қолдауын білдірді.
ЕҚЫҰ Экономика және экология комитетінің төрағасы – Қазақстанның Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Сарыбай іс-шараның Цифрлық экономика арқылы инновация, бәсекелестік пен жұмыс орындарын ашу тақырыбына арналған сессияға модератор ретінде қатысып, инновация мен цифрлық кәсіпкерліктің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауындағы басымдықтарына назар аударды.
Қазақстанның Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Әділбек Мұқашев цифрландыру арқылы жақсы басқару мен ашықтықты жетілдіру және сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбына арналған сессияға спикер ретінде қатысып, аталған тақырып бойынша Қазақстан тәжірибесімен бөлісті.
«Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушы директоры Айдар Қазыбаев қатысушыларға қаржы орталығының жұмысы туралы ақпарат ұсынып, цифрлық экономика арқылы тұрақтылықты дамыту мәселесіне қатысты. Қазақстанның ұстанымын жеткізді.
Форумның екінші дайындық жиналысы биыл мамыр айында Италияда, ал форум 2018 жыл 5-8 қыркүйекте Прагада өтеді. 2017 жылы екінші дайындық жиналысы маусым айында Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесі шеңберінде өткен болатын.
Еркін ҚАЛДАН
24 қаңтар 2018 ж. 2 034 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 022

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031