» » » СҰРАҚ СІЗДЕН – ЖАУАП БІЗДЕН

СҰРАҚ СІЗДЕН – ЖАУАП БІЗДЕН

Сұрақ: Электрондық цифрлық қолтаңбаны қалай алуға болады?
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Қармақшы аудандық бөлімінің құжаттарды қабылдау жөніндегі маманы Арайлым Танашбек жауап береді:
- Электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі болып табылады. Электрондық цифрлық қолтаңбаны екі жолмен алуға болады: Бірінші жолы – ЭЦҚ-ны жаңа үлгідегі жеке куәліктің чипіне жазу арқылы. Бұл үшін ХҚКО барып, жеке куәлікті көрсету керек. Жеке куәлікке жазылған ЭЦҚ-мен тек арнаулы карт-ридер болған кезде ғана жұмыс жасауға болады. Екінші жолы – бұл, ЭЦҚ алуға онлайн-өтінімді беріп, оны компьютерде сақтау арқылы. Бұл жағдайда да берілген өтінімді растау үшін ХҚКО бару қажет. Ол үшін www.pki.gov.kz сілтемесін теріп, «Жеке тұлғалар» немесе «Заңды тұлғалар» және «Өтінім беру» батырмасын басу арқылы өтініш бересіз. Егер сізде электрондық цифрлық қолтаңба болса үйіңізде отырып egov.kz сайтынан электрондық қызметтер мен төлемдерді жүргізуіңізге болады. Қызметті алу барысында қиындықтар туындаған жағдайда 1414 CALL-орталығына қоңырау соға аласыз. Қоңырау тегін. Сонымен қатар, халыққа қызмет көрсету орталықтарында өзіне – өзі қызмет көрсету секторлары жұмыс жасайды. Онда мамандар өз ЭЦҚ арқылы сізге электрондық қызметтерді алуды үйретеді.
09 қаңтар 2018 ж. 2 226 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 546

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 615

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031