» » ХАЛЫҚҚА САПАЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ – БҮГІНГІ КҮННІҢ БАСТЫ ТАЛАБЫ

ХАЛЫҚҚА САПАЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ – БҮГІНГІ КҮННІҢ БАСТЫ ТАЛАБЫ

Мемлекет басшысы өзінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»атты Қазақстан халқына Жолдауында 2050 жылға дейінгі ұлттың жаңа саяси бағытын айқындайтын басым мақсаттар мен міндеттерді белгіледі.
Өзге де мәселелермен қатар Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруға ерекше назар аударды. Мемлекеттік аппараттың халықпен өзара қарым-қатынастарында біржақты-өктем көзқарастардан арылып, халыққа мемлекеттік қызметтерді тиімді және жедел түрде көрсетуді тапсырды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер адамның тіршілік әрекетінің барлық салаларын және барлық кезеңін қамтиды. Азамат өмірге келген сәттен бастап өмір бойы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу арқылы мемлекетпен өзара әрекеттеседі.                                           
Осылайша, туу туралы куәлік алу, арнайы әлеуметтік жәрдемақылар алу әр азамат үшін алғашқы мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылса, есейген кезде азамат жеке куәлік құжаттарын алады, білім және медициналық қызмет көрсетуді алады, кәсіпкерлік қызмет жүргізу барысында рұқсат құжаттарын алады және т.б.
Расында, қазіргі кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге сұраныс күннен күнге жоғарылап келеді.
Бұл орайда, адамның өзінің баруын қажетсінбейтін толық электрондық форматқа көшу арқылы (www.egov.kz электрондық үкімет веб-порталы) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге шақырамыз.
Қазіргі таңда, Қызылорда облысындағы 27 орталық, 25 жергілікті атқарушы органдармен 387 мемлекеттік қызметтер көрсетілуде.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес, Қызылорда облысының мемлекеттік органдарымен 387 қызмет түрі көрсетілсе, оның ішінде жергілікті атқарушы органдармен 189, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерімен 181,«Азаматтарға арналған Үкімет»мемлекеттік корпорациясының филиалдармен 14, мемлекеттік үлесі бар акционерлік қоғамымен3 қызмет түрлері  көрсетіледі.  
Облыстың орталық және жергілікті атқарушы органдарымен  2017 жылдың 9 айында (бұдан әрі – Есептік мерзімде) 3 409 183 қызмет көрсетілсе, 2016 жылдың осы кезеңінде 2 029 215 қызмет көрсетілген.
Оның ішінде, мемлекеттік корпорация арқылы 555 047  16 %  (476 149 – 23 %), электронды түрде 1 042 984 31% (362 348 – 18 %),мемлекеттік органмен 1 811 15253 %(1 190 718 – 59 %).
         Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттырудың тағы бір тиімді құралы – мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын сыртқы және ішкі бақылау болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын сыртқы бақылауды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және оның аумақтық департаменттері жүргізеді.
Сыртқы бақылау аясында Департаментпен Есептік мерзімде  31 мемлекеттік органда тексеру жұмыстары жүргізілді.
Тексеру нәтижесімен 17 204 заң бұзушылықтар анықталды, яғни, 2016 жылмен салыстырғанда 15 254 заң бұзушылыққа артқан.
Оның ішінде, көптеген бұзушылықтар қызмет көрсету тәртібін бұзу (15 873), стандартта көзделмеген құжаттарды талап ету (979), толық емес құжаттар бола тұра қызмет көрсету (264), стандартта көрсетілген қызмет көрсету мерзімдерін сақтамау (55), қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту (3), өзге де заң бұзушылықтар (30).
Тексеру нәтижесімен Заң бұзушылықтарға жол берген  38 қызметшілерге тәртіптік жаза қолданылды (33 «ескерту»,  5 «сөгіс»).
Департаментке ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің» 465, 475, 661 баптарына сәйкес рұқсат құжаттарын рәсімдеу мерзімдерін бұзу, қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту және қызмет көрсету процесін бұзу бойынша әкімшілік хаттамалар толтыру жүктелген.                     
Есептік мерзімде, 2 лауазымды тұлғаға қызмет көрсету мерзімдерін бұзғаны үшін 3 әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен 340 350 теңге мемлекет қаржысына өндірілді.
Осы орайда, көрсетілетін қызметті берушілер тарапынан көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, 1 мекен-жайда орналасқан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне хабарласуды сұраймыз.
Байланыс телефондарымыз: 8(7242)70-56-36, 70-00-40 немесе Бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 8-800-080-7777, 1414.
 
                              
Марал БАЙҚУАТОВА,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы.
25 желтоқсан 2017 ж. 2 041 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 557

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 627

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031