» » » ӘРБІР КҮНІ ІЗДЕНІСКЕ ТОЛЫ

ӘРБІР КҮНІ ІЗДЕНІСКЕ ТОЛЫ


Өмірде екі нәрсенің қадіріне жете білуіміз керек дейді даналарымыз. Оның біріншісі жастық шақ болса, ал екіншісі бос уақыт. Адамның жастық шағы – алтыннан қымбат қазына. Өмірге келген әр адамның ең басты құндылығы оның кейінгіге үлгі боларлық ісімен өлшенбек. Ізгі істер ғана адамды алға жетелейтінін ұмытпағанымыз абзал. Ол үшін аздан бастап, көп іс тындыруға бейім болуымыз керек. Сонда ғана еңбегіміз еш кетпейтіні белгілі. Осындай ісімен жалынды жастардың жетекшісіне айналып үлгерген, кейінгі жасөспірімдерге үлгі болып келе жатқан ауданымыздағы кейінгі толқын өкілдерінің бірі – Айдынбек Айтбайұлы Скендіров.
     Ол қасиетті Қорқыт бабамыздан бастау алып, өнері дамыған киелі Қармақшы жерінде жастарымыздың мәдени – рухани байлығын дамытуға атсалысып жүрген  жас маман. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін туып өскен жеріне, киелі Қармақшы топырағына келіп, 2009 жылы «Дипломмен - ауылға» жобасы бойынша Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Жыраулар үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына  қызметке орналасты.
            Келе сала жас маман өзінің ұйымдастырушылық қабілетімен көзге түсіп, көптеген концерттер мен мерекелік іс-шараларды жүргізу тізгінін өз қолына алды. Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасына байланысты  аудан көлемінде орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштер құндылықтарын мектеп оқушыларына насихаттап,  «Ескерткіштер ескірмейтін естелік» тақырыбында тарихи  - танымдық тәрбие сағаттарын жүргізді. Сонымен қатар, «Маңызды мыңжылдық бағдарлама»атты ойбөліс, «Қазақстан ұлы дала өркениетінің қара шаңырағы», «Ескерткіштер - ел тарихынан сыр шертеді» атты аудан жастары мен оқушылары арасында ғылыми танымдық сыр-сұхбат, «Кемел жігіт көш бастар» тақырыбында дәстүрлі жігіттер байқауын өткізді           
Ол өз қызметін атқара жүріп қоғамдық-саяси шараларға араласып, мемлекеттік бағдарламалардың жастар арасында насихатталуына өзінің үлесін қосуда. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының, аудандық «Қорқыт елі – Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің шараларында белсенділік танытып, өзінің жан – жақтылығын көрсетіп келеді.Діни тақырыптарда дөңгелек үстелдер ұйымдастыру, ауылдық елді мекендерде «Жастар керуені» атты кездесулер және аудандық КВН(КТК) сайыстарын өткізуде белсенділігімен танылуда. «Жұлдызды жиырма күн – Тәуелсіздіктің жиырма шыңы» тақырыбында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу аясында Астана қаласында өткен «Дипломмен -  ауылға» атты І Республикалық жастар форумына қатысып, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің сертификатымен, ауданның қоғамдық-саяси  өмірінебелсене араласып, жастар саясатын насихаттауға  үлесін қосқаны мақсатында өз үлесін қосқаны үшін аудан әкімінің алғыс хаттарымен  марапатталды. Сондай-ақ, «Бейбітшілік Әлемі»  (Планета Мира) Халықаралық бірлестігінің  «Мәдениет майталманы» медаліне де ие болды.
            Мінезі ашық, өз жұмысына ынталы, көпшілікпен тез  тіл табысып, қарым-қатынас жасай білетін Айдынбек өз әріптестері арасында беделді. "Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын" демекші, оның қоғамда болып жатқан оң өзгерістерге өз үлесін қосуы – қуантарлық жағдай. "Талапты ерге нұр жауар" деген емес пе.
 
Айжан ТОҚШЫЛЫҚОВА.
25 желтоқсан 2017 ж. 1 814 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 018

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031