Мәслихаттар сайлауы
» » » 15 ҚАРАША – ҰЛТТЫҚ ТЕҢГЕ КҮНІНЕ ОРАЙ ЕСЕП ЖӘНЕ ҚАРЖЫ САЛАСЫ МАМАНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

15 ҚАРАША – ҰЛТТЫҚ ТЕҢГЕ КҮНІНЕ ОРАЙ ЕСЕП ЖӘНЕ ҚАРЖЫ САЛАСЫ МАМАНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ


Қармақшы ауданында 15 қараша – Ұлттық валюта күніне орай, сондай-ақ кәсіби мереке – Есепшілер күні қарсаңында білім беру ұйымдарында есеп және қаржы саласында еңбек етіп жүрген мамандарға құрмет көрсетілді.

Осыған орай аудандық білім бөлімінің басшысы Берік Съездұлы мен аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ләззат Серікбайқызы сала мамандарын қабылдап, кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Кездесу барысында білім бөлімінің басшысы есепшілердің білім беру жүйесіндегі маңызды рөліне тоқталып, олардың күнделікті қызметтегі жауапкершілігі мен кәсібилігі, қаржы саласындағы жүйелі жұмыстары білім беру ұйымдарының тұрақты қызмет етуіне негіз болатынын атап өтті.

Сонымен қатар, адал еңбегімен ерекшеленген мамандарға ізгі тілегін білдіріп, табысты қызметтері мен сала дамуына қосқан үлестері үшін арнайы марапаттар табыстады.

Шын мәнінде, есеп және қаржы саласының мамандары – білім беру ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етіп, әрбір істің жүйелі әрі заң талаптарына сай жүзеге асуына үлес қосып жүрген жауапты мамандар.

Кәсіби мереке иелеріне зор денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс пен толағай жетістіктер тілейміз!


15 қараша 2026 ж. 19 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (10554)

14 қараша 2026 ж.

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 350
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 487

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30