Құрылтай
» » ҚАРЖЫГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ

ҚАРЖЫГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ


15 қараша – Ұлттық валюта теңге күні мен Қазақстан Республикасының қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ауданымызда мерекелік қабылдау өтті.

Шарада аудан әкімі Жандос Еркінбек қаржы саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, саладағы тұрақты даму мен ауданның әлеуметтік-экономикалық жетістіктеріне қосқан үлестері үшін алғыс айтты.

Сонымен қатар, жиын барысында қаржы саласында ұзақ жылдар бойы қажырлы еңбек еткен ардагер Қалдыбек Сүлейменовке ауданның дамуына қосқан зор үлесі үшін ерекше ризашылық білдірілді.

Одан кейін сала үздіктері облыс және аудан әкімдерінің «Алғыс хаттарымен» марапатталып, құрметке бөленді.

Жиынға қатысқан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков пен қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебіздерін жеткізді.

15 қараша 2024 ж. 417 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№54 (10522)

21 шілде 2026 ж.

№53 (10521)

18 шілде 2026 ж.

№52 (10520)

14 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 505
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 996

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031