Ауданда қаржыгерлер марапатталды
Аудан әкімдігінің мәжілісінде «Қаржыгерлер күні» кәсіби мерекесіне және 15 қараша – Ұлттық валюта теңгенің айналымға енгізілгеніне орай мерекелік қабылдау болып өтті.
Кездесу барысында аудан әкімі М. Қалдарбеков сөз алып, қаржы тайқазанының тұрақты дамуына зор үлес қосып жүрген сала қызметкерлерін құттықтады.
– 1993 жылы 15 қарашада Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен Ұлттық валюта – теңге айналымға енгізілді. Тәуелсіз еліміздің міндетті нышандарының бірі ретінде ұлттық валютаны енгізу қоғам өмірінде елеулі оқиға болғаны сөзсіз.
Қазақстанның дербес даму жолына түсіп, аз ғана мерзім ішінде қаржы жүйесі құрылды.
Байыпты жүргізілген реформаның нәтижесінде төл теңгемізге деген сенімділік арта түсті. Қазіргі таңда ауданымыздың қаржы саласы қарқынды дамып, жыл сайын аудан бюджеті молайып келеді.
Алда тұрған міндеттерді шешуде қаржы саласының мамандары өздерінің қомақты үлестерін қосып, салада тәжірибелі, өз ісіне берілген біліктілігі жоғары мамандар қызмет атқаруда.
Қаржы саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен және Ұлттық валюта-теңге күні мерекесімен құттықтай отырып, мол жауапкершілікті талап ететін, қиын да абыройлы қызметеріңізге табыс, өздеріңізге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін, - деді аудан әкімі Мұса Оспанұлы.
Жиын соңында ауданымыздың қаржы саласының дамуына үлес қосып жүрген сала үздіктері марапатталды.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Пікір 2