Қаржы саласының майталманына құрмет

Кездесуде сөз алған Жарқын Тұрмаханұлы:
– Саналы ғұмырыңызды салық жүйесі мен қаржы саласы қызметіне арнап, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық өсіп өркендеуі жолындағы адалдықпен атқарған ісіңіздің арқасында ел құрметіне ие болып келесіз. Адамның өмір жолының асқар биігі – зейнеткерлік белесінде Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық, ұрпақтарыңызға бақ - береке тілеймін, – деп ізгі тілектестігін жеткізді.
Н.Кетебаева 1993 жылдан бастап үздіксіз қаржы саласында абыроймен еңбек етіп келеді. Бірнеше рет мемлекеттік кірістер министрлігінің Құрмет грамотасымен, аудан әкімінің және облыстық Салық комитетінің құрмет грамоталарымен марапатталған.
Кездесу барысында Қармақшы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Данияр Жамбылұлы құттықтау сөз сөйлеп, Назипа Кетебаеваға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер Комитетінің Құрмет грамотасын, Қармақшы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының құттықтауын, Қызылорда облысы Мемлекеттік Банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Құрмет грамотасын тапсырды.
Өз кезегінде мерейтой иесі Назипа Аныққызы шараны ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, атқарып жатқан қызметтеріне табыс тіледі.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі