» » ҚАРМАҚШЫНЫҢ ҰСТАЗДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ҚАРМАҚШЫНЫҢ ҰСТАЗДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Қармақшы ауданының әкімдігінің қолдауымен кәсіби мереке ұстаздар күні аталып өтті.
Салтанатты шараны құттықтау сөзімен ашқан аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Әділ Үсенұлы Қошалақов елімізде білім саласына мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетіліп отырғанын, ұстаздарға озат шәкірттер тәрбиелеуде жоғары жетістіктер тілеп, мерекелік жылы лебізін жеткізді.
Сонымен бірге ұстаздық жолда ұзақ жылдар қызмет жасап зейнеткерлік…ке шыққан мерейтой иелеріне және ауданымыздың білім саласының дамуына үлес қосып жүрген ұстаздарға аудан әкімінің алғыс хаттарын салтанатты түрде табыстады.
Аудандық білім бөлімінің басшысы Жарқын Омаров білім саласында ұзақ жылдан бері талмай еңбек етіп, табыстарға қол жеткізіп жүрген бірқатар ұстаздарды облыстық білім басқармасының құрмет грамоталарымен, білім бөлімінің басшысының алғыс хаттарымен марапаттады.
Биылғы жылы «Үздік білім ордасы -2018» номинациясымен Ш. Уәлиханов атындағы №26 орта мектебінің ұжымы, «Үздік еңбек әулеті» номинациясын Қиясовтар отбасы иеленіп, балалар мен жасөспірімдердің жазғы тынығу лагерінде демалысын үздік ұйымдастырған мектептер мен ұстаздар аудандық кәсіподақ комитетінің алғыс хаттары және бағалы сыйлықтар табысталды.
Салтанатты шараның соңы аудандық білім саласының өнерпаз жастарының ұстаздарға тарту ретінде әзірлеген концерттік бағдарламасына ұласты.
04 қазан 2018 ж. 1 881 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 043
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 712

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031