» » ӘЛЕМНІҢ НҰРЫ – ӘЙЕЛДЕР

ӘЛЕМНІҢ НҰРЫ – ӘЙЕЛДЕР

Табиғат жаңарып, жасаратын көгілдір көктемнің алғашқы күндерімен бірге келетін халықаралық әйелдер мерекесінің орны қашан да бөлек. Олай болатыны, анаға, әпке мен қарындасқа деген ыстық сезім мен құрмет-қошемет ешқашан сөнбек емес. Ана – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр шаңырақтың алтын діңгегі, асыл арқауы.
Жұма күні мәдениет үйінде аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының ұйымдастыруымен «Әлемнің нұры – әйелдер» тақырыбында мерекелік кеш өтті.Игі шара №272 мектеп оқушыларының құттықтау монтажымен ашылды.
Салтанатта аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы М.Сәмитов құттықтау
сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірді.
– Ұстаздарымыз бізді ізгілік пен адамгершілікке баулыды, табандылықпен еңбек етіп, алдымызға биік мақсаттар қоюды үйретті. Елбасы Н.Назарбаев: «Еліміздің болашақта қандай болатыны балаларымыздың бойына өзіміз қандай тәрбиені сіңіретінімізге тікелей байланысты» – деп болашақ жар, болашақ ана, шаңырақ шырақшылары болатын қыздар тәрбиесіне ерекше көңіл аударды.
Ауданда ұстаздар қауымының 80 пайызға жуығын нәзік жандылар құрайды. Тәрбиелі отбасы – бақытты болашақтың кепілі. Ана – ұлы өмірдің туын көтерген, алауын жаққан ардақты жан. Батыр да, ақын да, қайраткер де ананың ақ сүтінен нәр алған. Әрбірімізге әдемілік пен нәзіктік, әсемдік пен сұлулық сыйлайтын бұл мереке өміріміздің сән-салтанатына айнала бергей. Мерекеде баршаңызға ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, баянды бақыт тілеймін, – деді.
Мерекеде бірқатар ардагер ұстаздарға, білім саласында абыройлы еңбек етіп жүрген білікті сала озаттарына аудан әкімінің алғысы мен сый-сыяпаты тапсырылса, «Алтын алқалы» ұстаз-аналар аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының, сондай-ақ, бірнеше қыз-келіншек халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының алғысы мен арнайы сыйлығына ие болды.
Кешті білім, мәдениет саласының өнерпаздары бимен сәндеп, әнмен әрледі.
Ана қуанышы, әйел қуанышы – әр отбасының, Отанның қуанышы. Тәуелсіз елдің тұғыры биік болып, әр шаңырақтан сәбидің шаттық үні естілгей.
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕКҚЫЗЫ.

29 мамыр 2018 ж. 2 117 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 021

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031