» » ҚАЛА ӘКІМІ Н.НӘЛІБАЕВ ҰСТАЗДАР ҚАУЫМЫН 8 НАУРЫЗ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ҚАЛА ӘКІМІ Н.НӘЛІБАЕВ ҰСТАЗДАР ҚАУЫМЫН 8 НАУРЫЗ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, ұстаздар қауымын құттықтады.
Мерекелік шараға қала мектептерінен 300-ге жуық ұстаздар және білім саласының ардагерлері қатыстырылды.
Ұстаздарды құттықтау барысында қала әкімі Н.Нәлібаев: «Бүгінгі қоғамда нәзік жандылар сан түрлі саланың қыр – сырын меңгерген. …
Әсіресе, білім саласында ұлағаттылықтың ұлы жолын таңдаған ұстаздар қауымында – нәзік жандылардың алар орны ерекше.
Бұл сөзімнің бір ғана дәлелі, қазаргі таңда қала мектептерінде 6 мыңнан астам ұстаздар қызмет етсе, солардың 90 пайызын нәзік жандылар құрайды.
Бұл дегеніміз әйел-ұстаздардың еліміздің ең басты байлығы адами капиталын дамыту жолында, яғни өскелең ұрпаққа білім беру жолындағы белсенділігі, беделі мен мәртебесінің көрінісі.
Расында, болашақ ұрпақтың бойына саналы білім нұрын құйып жүретін, жауапты да ұлағатты еңбек иелері - ұстаздар қауымының қашанда орны бөлек, тұғыры биік.
Тәуелсіз еліміздегі бейбіт тірліктің, мызғымас бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы да Өздеріңіз, аяулы арулар!» - дей келе, нәзік жандылардың қоғамдағы мәртебесі мен маңызына тереңірек тоқталды.
Шара барысында қала әкімі 20 ардагер ұстазға арнайы әзірленген сыйлықтар мен гүл шоқтарын табыстап, білім саласында еңбегімен еленген 10 мұғалімді түрлі номинациялармен марапаттаса, 101 мұғалім қақалық білім бөлімінің грамоталарымен марапатталды.
Сонымен қатар, Сыр елінің бірқатар атпал азаматтары ҚР «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Ақпараттық-комунникациялық технологиялар, білім беру және инновация комитетінің Төрағасы Әбенов Мұрат Абдуламитұлы, ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Шиповских Геннадий Геннадиевич, ауыр Атлетикадан Әлем және Олимпиада Чемпионы Илья Ильин сахнада орнатылған арнайы экран арқылы, ұстаздар қауымына деген жүрекжарды тілектерін жолдады.
Салтанатты жиын барысында жергілікті өнерпаздар барша қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлап, бүлдіршіндер аяулы жандарға әсем әндерін арнады.
Қатысушылардың барлығына қала әкімінің атынан гүл шоқтары табысталды.
06 наурыз 2018 ж. 3 487 1

JeaCold от 22 ақпан 2019 14:33
Viagra Yahoo Drinking Alcohol While Taking Zithromax cialis without a doctor's prescription Acheter Cialis Au Canada Buy Strattera Atomoxetine Usa Online

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031