» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ЭНДОКРИНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТЕРАПИЯ КЛИНИКАСЫ АШЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЭНДОКРИНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТЕРАПИЯ КЛИНИКАСЫ АШЫЛДЫ

Қызылорда қаласында эндокринология және жалпы терапия медициналық клиникасы ашылды.
Ашылу салтанатына арнайы қатысқан қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы, тұрғындарды жаңа заманауи клиниканың ашылуымен құттықтап, жоба жетекшісіне алғысын жеткізді.
- Кез келген мемлекеттің ең басты байлығы, бұл - адами капиталы. Біздің басты мақсатымыз да, халықтың әлеуметтік жағдайымен қатар рухани және денсаулық жағдайын жақсарту болып табылады.
Өздеріңіз білесіздер, соңғы жылдары біздің өңірімізде жергілікті инвесторларды тарта отырып, мемлекеттік - жекешелік әріптестік аясында қала халқына қажетті түрлі әлеуметтік нысандар іске қосылды.
Қаламызда денсаулық сақтау нысандарының санын арттырып отырғаны үшін жоба жетекшісі Сергей Кимге риясыз алғысымды білдіремін және жаңа бастамаларыңызға табыс тілеймін. Жаңадан ашылғалы тұрған бұл ғимарат халықтың игілігі үшін қызмет етсін»,- деді Н.Нәлібаев.
«Агрохимсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырған бұл жобаның жалпы құны - 550 млн теңге болса, оның 130 млн теңгесі Даму қоры арқылы жеңілдетілген несиемен қаржыландырылған.
1 мың 200 шаршы метрді құрайтын жаңа клиника қала халқына медициналық көмек көрсетуге қажетті заманауи құралдармен қамтамасыз етілген және жалпы терапиялық қызмет көрсетеді.
Ең маңыздысы, бұл клиника 40 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды.
08 қаңтар 2018 ж. 1 150 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 323
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031