» » Елордада «Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағы жұмысын бастайды

Елордада «Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағы жұмысын бастайды

Елордада «Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағы жұмысын бастайды.
Мұнда жоғары технологияға негізделген жобаларға басымдық беріледі. Жаңа құрылымның елордамен қатар жалпы ел экономикасына қосар үлесі өлшеусіз болатыны айқын. Оған дәлел – Елбасының бастамасымен осыдан 15 жыл бұрын құрылған «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы. Қазір мұнда 70-ке жуық инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр.
«Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы 2002 жылы құрылды. Қазіргі құрылымы әкімшілік-іскерлік орталық пен нөмірі бірінші индустриялдық парктен тұрады.
Бүгінде мұнда 44 кәсіпорын жұмысын бастап кетті. Оның бірқатары шетелдік инвесторлардың қолдауымен жүзеге асты. Тағы 24-і көп ұзамай, іске қосылады. Экономикалық аумақта 3500 адам жұмыс істейді.
Индустриалдық парк түрлі саладағы өндіріс орындарының бір жерге шоғырлануына мүмкіндік берді. Солардың бірі – жарықдиодты шам шығаратын кәсіпорын. Мұндағы техниканың барлығы дерлік жапондық. Іске қосылған 7 жыл ішінде кәсіпорын бірнеше ірі жобаға қатысып үлгерді. Ең ауқымдысы – «ЭКСПО» көрмесі. Қазір «ақылды көше» шамдарын шығаруды қолға алған.
Нұрлан Расулов, компания бас директорының орынбасары:
– Жаңа жобаларға қатысамыз ба деп ойлап отырмыз. «Смарт сити» деп аталады. Көшелердегі шамдарға модуль қосып, сондай шамдар шығарайық деп жатырмыз. Бұл шамдар компьютер арқылы, интернет арқылы қосып өшіруге болады. Басқа да функциялар қосуға болады. Камера, вай-фай. Осы жоба жүзеге асады деп сенеміз.
Индустриалдық парк әрдайым жаңа өнеркәсіппен толығып отырды. Өткен жылы тамақ өнеркәсібі оның ішінде жылдам дайындалатын тамақ өнімдері комбинаты мен құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорын іске қосылды. Сонымен қатар әкімшілік-іскерлік орталық та қарқынды түрде дамып, 300-ден аса нысан пайдалануға берілді. Олардың қатарында теміржол вокзалы, жабық мұз айдыны, хореография академиясы, көпсалалы тұрғын үй кешендері мен бизнес орталықтар бар. Бүгінде қаланың сол жағалауындағы жұмыстардың 70 пайызы толықтай игерілді.
Ерлан Бекмырзаев, Астана қалалық инвестициялар және даму басқармасы басшысының орынбасары:
– Бүгінде нөмірі бірінші индустриалдық парктің 95 пайызы жобалармен толықты. Осыған орай Үкімет «Астана-Технополис» экономикалық аймағын құру туралы шешім қабылдады. Қаулысы да шықты. Оған нөмірі екінші индустриалдық парк те қарайды. Сингапурдың Jurong компаниясымен бірігіп, жоба жасалды. Бас қалаға негізінен қандай бағыттағы жобалар қажет, соған басымдық беріледі. Аймақ сол жоспар бойынша жұмыс істейді.
Екнші индустриалдық паркте жоғары технологиялық жобаларға басымдық берілмек. Аумағы 600 гектарға жуық. Басты бағыт – индустрия 4.0 аясында қолға алынған мақсат-міндеттерді іске асыру. Бұл туралы Елбасы жолдауында айтылған. Ал Astana Business Campus іргесінде жаңа жобалар мұқият қаралып, мақұлданғандары екінші индустриалдық паркте жүзеге асады.
Авторлары: Қарлығаш Қайыпбекова, Ермек Кеншімбек
05 қаңтар 2018 ж. 1 325 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 015

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031