» » Бішкек көшелеріне лас ауаны анықтайтын электронды құрылғылар орнатылды

Бішкек көшелеріне лас ауаны анықтайтын электронды құрылғылар орнатылды

Сақтансаң, сақ боларсың.
Бішкекте жастар экологиялық қозғалысының белсенділері қалаға лас ауаны анықтайтын электронды құрылғы орнатты. Ақпаратты кез келген жергілікті тұрғын ұялы телефонына бағдарлама орнату арқылы ала алады. Экологтардың айтуынша, әрбір адам өзі өмір сүріп жатқан аумақтағы ауаның тазалығы жайлы білуі керек.
Қырғызстанда ауаның қаншалықты лас екеніне көз жеткізу үшін көпқабатты ғимараттың шатырына шықсаңыз болғаны, Бішкекті түтін тұмшалап тұрғанын көресіз. Бұл көріністің пайда болғанына биыл бірінші жыл емес. Осыған алаңдаған жастар экологиялық қозғалысының белсенділері тұрғындардың қандай ауамен дем алып жатқанын анықтау үшін арнайы жоба ойлап тапты. Халықаралық донорлардың есебінен арнайы құрылғы сатып алып, ұялы телефондарға арналған бағдарлама құрастырған. Оның көмегімен қаладағы ауаның ластық деңгейін анықтауға болады.
Бактыгуль Сакеева, Жастар экологиялық қозғалысының қатысушысы:
- Мына жерде 119-шы деңгей. Бұл көрсеткіш дұрыс емес. Яғни мұнда жүрек-қан тамырларында ақауы бар, астматиктерге, бронхиттерге және балалар мен егде жастағыларға тұру қауіпті. Олардың осындай дертке шалдығуының себебі осы болуы мүмкін. Мұндайда олардың дерттері одан әрі асқынады. Ал дені сау адамдар арнайы бетперде киуі керек.
Алғашқы кезеңде арнайы құрылғылардың екеуі халық көп шоғырланған көше қиылысына, бірі жергілікті Ботаникалық бақшаға қойылған. Бұл арқылы қала мен тал көп шоғырланған аймақтың артықшылықтарын анықтауға болады. Бішкектің ауасын ластайтын заттардың арасында азот диоксиді, күкіртті ангидрид және көміртегі тотығы табылған. Мамандардың айтуынша, Бішкектегі жағдай – түйткілді мәселе. Өйткені шаһардың ауасының таза болуы тау аңғарларынан соғатын самал желге тікелей байланысты.
Омурбек Эламанов, ҚР ҰҒА су шаруашылығы және энергетика институтының қызметкері:
- Жүйелі ауа айналымын бұзбас үшін үйлердің құрылысын қадағалау керек. Оңтүстікке қарай таулы аймақтардан келетін ауаға бөгет болмауы керек. Ол қаланың дем алатын өкпесі екенін ұмытпауымыз керек. Екіншісікөгалдандыру үдерісін қолға алу. Бәріміз білеміз ғой талдар мен өсімдіктер оттегін көптеп бөледі.
Қала ауасының басым бөлігін автокөліктер ластайды. Зиянды қалдықтың 80 пайызы көлік газына тиесілі. Статистика бойынша Қырғызстан астанасында 360 мың көлік бар. Оған күніге келіп-кететін 40 мыңға жуық техниканы қосыңыз. Экологтардың айтуынша, көлік атаулы көбейген сайын экологиялық талаптарды күшейту қажет. Олай болмаған жағдайда жас белсенділердің орнатқан құрылғылары Бішкекте дем алатын таза ауаның мүлдем қалмағанын көрсетуі әбден мүмкін.
Авторы: Бақыт Чермашев
27 желтоқсан 2017 ж. 1 590 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 475

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 547

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031