» » » ЖАДЫРАНЫҢ ЖҰЛДЫЗДАРЫ ТОП ЖАРДЫ

ЖАДЫРАНЫҢ ЖҰЛДЫЗДАРЫ ТОП ЖАРДЫ

Шымкент қаласында өткен «DANCE BATTLE» халықаралық бишілер байқауында ауданымыздың мақтанышы «Жадыра» би тобы зор жетістікке қол жеткізіп, қазылар алқасын ерекше өнерімен тәнті етті. 9-12 жас категориясындағы талантты өнерпаздар ұлттық би жанры бойынша жоғары шеберлік танытып, қазақ биімен VIP GRAND PRIZE, өзбек биімен Гран при жүлделерін жеңіп алды. Бұл жеңіс – жас бишілердің табандылығы мен талантының, сондай-ақ олардың жетекшілерінің кәсіби еңбегінің айқын дәлелі.
Сонымен қатар осы байқауда 6-8 жас аралығындағы «Жадыра» би тобы да жарқын өнер көрсетіп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. «Хулиганки» және ұлттық би бағытындағы орыс биімен SUPER VIP GRAND PRIZE жүлдесін қанжығасына байлап, жеңіс төрінен көрінді. Бұл нәтиже – балалардың еңбекқорлығы, ынтасы мен шығармашылық ізденісінің жемісі.
«Жадыра» би тобының әрбір жеңісі – тынымсыз еңбектің, балаларға деген сенімнің, ата-аналардың қолдауы мен бірліктің нәтижесі. Ұжымның жоғары деңгейдегі дайындығы мен кәсіби орындаушылық шеберлігі халықаралық додада тағы да дәлелденді. «Жадыра» би тобы жыл сайын өнер айдынында биіктей түсіп, жаңа белестерді бағындырып келеді. Жерлестеріміз алдағы уақытта да халықаралық сахналарда ел абыройын асқақтатарына сенім мол.
Марал АЙМАХАНОВА,
педагог-ұйымдастырушы
25 қараша 2025 ж. 369 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930